Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 кешкі мектеп»



бет2/4
Дата12.06.2023
өлшемі25,29 Kb.
#100632
1   2   3   4
Байланысты:
«1 мамыр – Халықтар бірлігі күні» ашық тәрбие сағаты 8 сыныптар

ІІ жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.

ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.


Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1 кезең: Таныстыру. Ұлттар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді.
2 кезең: Өнерлі ұлт. Бұл кезеңде ұлттардың өнерін тамашалаймыз. Әр ұлттық өнері ән, би, өлең т.б.
3 кезең: Сән үлгісі. Әр ұлт өздерінің ұлттық киімдерін таныстырады.
4 кезең: Мақал-мәтел сайысы. Ұлттар достық, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел айтады.
5 кезең: Ас – адамның арқауы. Бұл кезеңде әр ұлтттың ұлттық тағамдарын әзірлейді.


Әр ұлт өкілдерімізге әділ баға беретін әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Кадирбердиева Мнаура

  2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Сериов Айтқұл

  3. Кітапханашы – Матаева Тазагул



І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 32 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 32 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.

І жүргізуші: Ендеше бірінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарымызды ортаға шақырамыз. Қазақ ұлты, Өзбек ұлты, Түркмен ұлтын қарсы алыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет