Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 кешкі мектеп»



бет1/4
Дата12.06.2023
өлшемі25,29 Kb.
#100632
  1   2   3   4



Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің
«№1 кешкі мектеп» КММ

БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
_________Т. Казыев
«__»________2023 ж.



Тақырыбы: «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні»
Орындаған: ДТЖО Матжанов Ж.
Тәлімгер: Бекишева Г.

2022-2023 оқу жылы


Тақырыбы: «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні»


Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар және оқушылар! 

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, 
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.


Олай болса бүгінгі бірлік күніне арналған салтанатты кешімізге қонаққа келген ұлттармен таныс болайық.

  1. 11 «А» сынып «Түркмен» ұлты

  2. 9 «А» сынып «Қазақ» ұлты

  3. 8 «А» сынып «Өзбек» ұлты





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет