МҰНАЙШЫ
Маусым 2013
3
Dear readers and colleagues!
Spring is here in full force, and it seems
that the better the weather is, the faster
time flies. The first three months, despite
the inclement weather, brought some
good results. Planned production results of
1,290,226 tonnes were exceeded, and total
summary production reached 1,315,253
tonnes. The share of high-octane gasoline
produced at PKOP increased to 72%
instead of the expected 64%. Refining
output for the period stood at 1,147,435
tonnes. There is reason to believe that all
budgets will be met by the end of the year,
and as in 2012, maybe even exceeded.
April and May were full of work days,
holidays and cultural events. We hope you
find our features on them interesting.
You have noticed, dear readers, that
in each edition of our magazine we pay
special attention to sport, both within the
company and professional one. This is no
accident. Any time dedicated to sport is not
lost, but is a value acquired. The example
given by anyone who understands the
beauty and need for physical exercise is
priceless. Especially, when it concerns our
children and grandchildren.
Please read an interview with the
latest Munaishy sporting hero, honoured
master of sport Yuri Golodov - and you
will find out more about our worthy
contemporaries who thanks to their
courage and perseverance have become
well known all over the world.
Our training sessions, competitions
and annual corporate PetroKazakhstan
Olympics is among other things a great
way of strengthening company unity and
team spirit.
I do not know a better propagandist or
agitator than sport. Everybody needs to
lead a healthy lifestyle, and what is a better
way than to exercise and play sport. If each
of you will do so, then the company and
society as a whole will feel the undoubted
benefit.
Уважаемые читатели, коллеги!
В разгаре весна, и чем прекраснее по-
года, тем быстрее летит время. Первые
три месяца года, несмотря на неустой-
чивую погоду, дали хорошие результа-
ты. Производственные показатели по
добыче перевыполнены, вместо плано-
вых 1 290 226 тонн суммарно добыто
1 315 253 тонны. До 72% вместо ожи-
даемых 64% увеличилась на ПКОП до-
ля высокооктанового бензина, а объем
переработки за этот период составил
1 147 435 тонн. Есть основания пола-
гать, что к концу года бюджетные по-
казатели будут выполнены, как и в 2012
году, с превышением и качественно.
Апрель и май были также насыщены
трудовыми буднями, праздничными и
культурными мероприятиями. Краткие
очерки о них, надеемся, будут интерес-
ны всем.
Если вы заметили, уважаемые чита-
тели, в каждом номере нашего журнала
особое место уделяется спорту как вну-
трикорпоративному, так и спорту выс-
ших достижений. Это не случайно. Вре-
мя и усилия, посвященные спорту, - не
потерянные, а приобретенные величи-
ны. Пример, который подает родным и
близким любой, кто понимает красо-
ту и необходимость физической актив-
ности, неоценим. Особенно, когда речь
идет о наших детях и внуках.
Почитайте интервью очередного
спортивного героя нашего «Мунайшы»,
заслуженного мастера спорта Юрия Го-
лодова, и вы еще больше узнаете о на-
ших достойных современниках, кото-
рые благодаря мужеству и упорству ста-
ли личностями, узнаваемыми во всем
мире.
Наши тренировки, соревнования,
ежегодная корпоративная Спартакиа-
да «ПетроКазахстан» - это помимо все-
го прочего средство укрепления един-
ства и командного духа компании.
Лучшего пропагандиста и агитатора
я не знаю. Занимайтесь собой, а значит
в первую очередь спортом. Это прине-
сет несомненную пользу каждому, ком-
пании и обществу в целом.
Құрметті оқырмандар, әріптестер!
Шуағын төккен көктем айлары және
ауа-райы тамаша болған сайын уақыт
та зымырай түседі. Жылдың алғашқы
үш айы ауа-райының тұрақсыздығына
қарамастан жақсы нәтиже берді. Өндіру
бойынша өндірістік көрсеткіштер асыра
орындалды, жоспарлы 1 290 226 орнына
жиынтығында 1 315 253 тонна өндірілді.
ПҚОП-та жоғарыоктанды жанармай
үлесі болжалды 64% орнына 72% дейін
артты, қайта өндіру көлемі осы кезеңде
1 147 435 тоннаны құрады. Жылдың
соңына қарай бюджеттік көрсеткіштер
2012 жылы секілді артығымен және сапа-
лы орындалады деуге барлық негіз бар.
Сәуір және мамыр айлары да еңбек
күндерімен, мерекелік және мәдени іс-
шаралармен мазмұнды болды. Олар
жайлы жазылған қысқа очерктер
барлығыңызға да қызықты болады деп
үміттенеміз.
Байқаған болсаңыз, құрметті оқырман,
журналымыздың әрбір нөмірінде
спортқа, компания ішінде, сондай-ақ
жоғарғы жетістікті спортқа ерекше на-
зар аударылады. Бұл бекер емес. Спортқа
бағышталған уақыт пен жігер - зая кеткен
емес, иемденген шамалар. Туғандары мен
жақындарына үлгі көрсететін, сұлулық
пен дене белсенділігінің қажеттілігін
түсінетін адамға баға жетпейді. Әсіресе,
біздің балаларымыз бен немерелеріміз ту-
ралы сөз қозғалғанда.
Біздің «Мұнайшының» кезекті
спорттық қаһарманы еңбегі сіңген
спорт шебері Юрий Голодов туралы
мақаламызды оқысаңыз - қайраттылығы
мен табандылығының арқасында бүкіл
әлемге танымал болған біздің мақтан
тұтар замандастарымыз туралы көбірек
білетін боласыз.
Біздің жарыстар, «ПетроҚазақстан»
жыл сайынғы корпоративтік Спарта-
киадасы - бұл басқасын қоспағанда
компанияның бірлігін және командалық
рухын нығайту құралы болып табылады.
Мен бұдан артық үгіттеуші мен на-
сихаттаушыны білмеймін. Өздеріңізді
күтіңіздер, яғни, бірінші кезекте спорт-
пен шұғылданыңыздар. Бұл әрбір адамға,
компанияға, жалпы қоғамға міндетті
түрде пайдасын әкеледі.
Ізгі тілекпен,
Б.Исенғалиев,
Вице-Президент
БАС РЕДАКТОРДЫҢ СӨЗІ
ОБРАЩЕНИЕ ГЛАВНОГО РЕДАКТОРА
CHIEF EDITOR’S PAGE
Best wishes,
B.Issengaliyev
Vice-President
С наилучшими пожеланиями,
Б.Исенгалиев,
Вице-Президент
4
Маусым 2013
МҰНАЙШЫ
«Мұнайшы» журналы - «ПетроҚазақстан»
компаниясының қызметкерлеріне арналған
корпоративтік басылым.
Бас редактор:
Бақытжан Исенғалиев
Бас редактордың орынбасары:
Екатерина Гребенникова
Редакциялық топ:
Махаббат Джайлғанова,
Диляра Қасымбекова,
Айнаш Тілеубаева,
Гүләйхан Ембердиева,
Ақтолқын Сұлтангереева.
Фотограф:
Андрей Тайгунов.
Журнал «Мунайшы» - корпоративное
издание компании «ПетроКазахстан»,
предназначенное для сотрудников.
Главный редактор:
Бахытжан Исенгалиев
Заместитель главного редактора:
Екатерина Гребенникова
Редакционная группа:
Махаббат Джайлганова,
Диляра Касымбекова,
Айнаш Тлеубаева,
Гульайхан Ембердиева,
Актолкын Султангереева.
Фотограф:
Андрей Тайгунов.
Munaishy is a corporate PetroKazakhstan
magazine for the employees.
Chief Editor:
Bakhytzhan Issengaliyev
Deputy Chief Editor:
Ekaterina Grebennikova
Contributors:
Makhabbat Dzhailganova,
Dilyara Kassymbekova,
Ainash Tleubayeva,
Gulyaikhan Yemberdiyeva,
Aktolkyn Sultangereeva.
Photographer:
Andrey Taigunov.
СОДЕРЖАНИЕ
5
Наурыз Бибігүл Төлегеновамен
6
Президенттік жүлде- 2012
8
Мұнай: жер қойнауынан… сіздің үйіңізге дейін
12
7 сұрақ…
18
Эверестке дейін және кейінгі өмір
21
Жас дарындар
24
Оқиғалар күнтізбесі
26
Наурыз с Бибигуль Тулегеновой
27
Президентская премия - 2012
29
Нефть: из недр и до… вашего дома
33
7 вопросов к ...
39
Эверест - жизнь до и после
42
Юные таланты
45
Календарь событий
47
Nauryz with Bibigul Tulegenova
48
President’s Award - 2012
50
Oil: from subsurface right to your home
53
7 questions to...
59
Everest - life before and after
62
Talented children
65
Calendar of еvents
МАЗМҰНЫ
Байланыстық ақпарат:
Казақстан Республикасы, Алматы,
050059, Фурманов көшесі, 244-а
тел.: +7 (727) 258 1848
Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com
Контактная информация:
Республика Казахстан, Алматы,
050059, ул. Фурманова, 244-a
тел.: +7 (727) 258 1848
Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com
Contact information:
244-a Furmanov Street, 050059,
Almaty, Republic of Kazakhstan,
tel.: +7 (727) 258 1848
Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com
CONTENTS
МҰНАЙШЫ
Маусым 2013
5
5
Наурыз Бибігүл Төлегеновамен
6
Президенттік жүлде- 2012
8
Мұнай: жер қойнауынан… сіздің үйіңізге дейін
12
7 сұрақ…
18
Эверестке дейін және кейінгі өмір
21
Жас дарындар
24
Оқиғалар күнтізбесі
Көктем мен молшылықтың мейрамы Наурыз табиғаттың ғана емес, өмірдің
жарқын жақтарын көруге мүмкіндік беретін өнер атты басты рөл ойнайтын адам
жанының ізгі жаңаруын бейнелейді. Осындай керемет мейрамның құрметіне
біздің компания әсемдікке жаны құмар жандарға тамаша сыйлық әзірледі -
«Наурыз Бибігүл Төлегеновамен» атты концерт ұйымдастырды.
Наурыз күндері Алматыдағы
Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік
Академиялық Опера және Балет Театрын-
да өткен қайырымдылық концертінде
қазақ операсының шоқ жұлдызы
Бибігүл Ахметқызы Төлегеновамен
бірге қазақстандық және әлемдік опе-
ра сахнасының жұлдыздары, Бибігүл
Төлегенованың ең үздік шәкірттері
өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама
көрермендердің отандық туындылар-
мен қатар әлемдік мәдениет өнерінен
ләззат алатындай етіп ұйымдастырылды.
Көрермен қауым қазақтың халық
әндерін ұйып тыңдады - «Қарағым-ай»
әні ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік
сыйлық иегері Майра Мұхамедқызының
ерекше орындауында, «Дударай» әні
Халықаралық конкурстардың лауреа-
ты Медет Чотабаевтың орындауында,
сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Андрей Трегубенконың керемет ба-
ритонында орындалған «Дон Карлос»
операсындағы Родриго ариясын қоса
басқа опералардан ариялар шырқалды.
Концертке белгілі саяси және қоғам
қайраткерлері шақырылды - Дариға На-
зарбаева, Ғани Қасымов, Зағипа Бали-
ева, сонымен қатар ардагерлер, өнер
және мәдениет саласының өкілдері және
біздің қамқорлықтағы мекеме балала-
ры. Және ең бастысы - қазақстандық
опера әртістерінің ғажайып дауысы-
на компаниямыздың түрлі аймақтарда
жұмыс істейтін қызметкерлері тамсана
алды.
Кеште «ПетроҚазақстан» компаниясы-
ның Президенті Вэй мырза атап
өткендей: «Бүгінгі шара Наурыз мей-
рамын тойлауға арналған және қазақ
халқының дәстүрлерін тұту белгісі әрі
ұлттық мәдениеттің дамуына қосылған
үлес болып табылады, ол сондай-
ақ жастарды рухани құндылықтарға
баулуға мүмкіндік береді. Біз компа-
ния қонақтары мен қызметкерлерінің
Қазақстанның және әлем деңгейінің бет-
ке ұстар орындаушылары ұсынған биік
өнерді тамашалаудан шынайы ләззат ала-
тындарына сенім артамыз».
Аталған шара «ПетроҚазақстанның»
Бибігүл Ахметқызымен бірлескен
алғашқы жобасы емес. Өткен
жылдың соңында компания ав-
тор И.Серкебаевамен жазылған және
әншінің өмірі мен шығармашылық
жолы жайлы естеліктері бойынша
алғашқы кітапқа айналған, тұсаукесері
2012 жылғы 19 желтоқсанда Алматы-
да, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік
Академиялық Опера және Балет Театрын-
да өткен ғажайып қазақ бұлбылы тура-
лы «Бибігүл Төлегенова: сүю, үміттену
және сену» библиографиялық кітаптың
бас демеушісі болды. Жыл басында,
компанияның қаржылық қолдауымен
өнеріне қазақстандықтардың бірнеше бу-
ыны тәнті болған Бибігүл Төлегенованың
үздік шығармалары енген «Сүйікті әндер»
атты диск шығарылды.
Компания Вице-президенті Ба-
хытжан Исенғалиев мырза: «Бибігүл
Ахметқызы Төлегенова - елдің мәдени
қазынасының асыл маржаны. Сол се-
бептен Наурыз мейрамына орай біздің
қауымға сыйлығымыз ретінде - Бибігүл
Ахметқызының қатысуымен концерт
өткізу шешімін қабылдадық. Ол кісінің
берген келісімі біз үшін мәртебе және бұл
концерт көктемгі жаңарудың позитивті
камертоны болатыны күмәнсіз. Бибігүл
Төлегенова баршаның құрметіне лайық
адам, бұл кісі асыра айтпастан нағыз
Тұлға».
Концертте Пуччинидің «Джанни Скик-
ки» операсындағы Лауретта ариясын
және қазақтың халық әні «Елік-аймен»
бірге өзінің ең үздік әндерін орындаған
Бибігүл Ахметқызы орнынан тұрып
шапалақтаған көрерменге былай деді:
«Мен көктем мен құт-береке мейрамы -
Наурызға арналған осы кешке қатысқан
барлықтарыңызға алғысымды білдіргім
келеді! Бүгін мен алғаш көк шөптің жарып
шыққандығын көрдім, бұл нағыз жаңару
мейрамы. Біз бұрыннан бірге жұмыс
істеп, дос болған «ПетроҚазақстан» ком-
паниясына рақмет айтқым келеді. Ком-
пания есебінде көптеген игі істер бар,
ол ауруларға, балаларға, егде адамдарға
көмектесіп келеді. Әрине, компанияның
жас таланттарға көрсететін көмегі де аз
емес. Наурыз - бейбітшілік, жаңару және
келісім мейрамы, жүректердің әлемге
ашылып, жақсылықтың жамандықты
жеңіп, ой-сананың ашылатын кезі. Мәңгі
жас Наурыз мейрамы барлығымызға күш-
қуат беріп, жаңа игі істерге итермелесін».
Керемет көктемнің бастауы болған
әз Наурыз бізді жан-жағымызға
мейіріммен қарап, жақсы істерге жете-
леп, махаббат пен достыққа ашық болуға
итермелейді. Ал өнер міндетті түрде
біздің жүректерімізден орын тауып,
жақсы жолға итермелейді!
НАУРЫЗ БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВАМЕН
Б.А.Төлегенова сахнада үздік шәкірттерімен бірге / Б.А.Тулегенова на сцене со своими лучшими учениками /
B.Tulegenova on the stage with her best students
6
Маусым 2013
МҰНАЙШЫ
Аталған бағдарламаны компания 2006
жылы енгізді және шығындарды азай-
ту, бизнес-үдерістерді оңтайландыру,
өндірістегі, қауіпсіздік техникасы
мен қоршаған ортаны қорғаудағы
жақсартылған көрсеткіштер бойын-
ша алғыс білдіру мақсатында ең үздік
шыққан жұмыскерлерге тағайындайды.
«Президенттік жүлде» келесі мара-
пат дәрежесінен тұрады: Алтын, Күміс
және Қола. Жеке қызметкер, сондай-
ақ қызметкерлер тобы ие бола ала-
тын бұл жүлдеге ұсыну рәсімі мынадай:
үміткерлерді әрбір бөлімше бастығы
қарап шығады да, белгілеп береді, со-
дан кейін тізімді іріктеме комис-
сиясы қарастырады. Үміткерлерді
таңдағаннан кейін комиссия мәліметті
компания Президентіне жолдайды.
Ұсынылған сипаттамалар негізінде
Вэй Юйсян мырза аталған марапатқа
лайықтылар туралы соңғы шешімді
қабылдайды.
2012 жылдың қорытындысы бой-
ынша Алтын жүлдеге үш топ лайықты
деп танылды. Бұл - құрамында
Нұрмаханбетов Айбек, Арбузов Дми-
трий, Рақышев Қасымбек, Козоре-
зов Виктор, Лолю Руслан, Михай-
лов Владимир, Жақыпов Рүстем,
Сыдықов Өмірбай, Бекбердиев Ержігіт,
Ешімбетов Бимұрза, Иваненко Алек-
сандр, Қамшыбаев Ахметәли және Ма-
мыров Әлиханнан тұратын ПҚОП
Өндірістік бөлімшелер тобы, ПҚҚР екі
тобы: Абудурэсити Турсун, Шәрменов
Ағзам, Ху Синь, Пу Шичжао, Ионычева
Наталья, Когай Олег, Ше Галина және
Басалхаев Шыңғыс құрамды Геология
және геофизика департаменті тобы
және Пань Синьцзюнь, Брюс Андерсон,
Бөріқожаев Сәбит, Есқараев Алмас, Ер-
дуллаев Ермұрат, Найзабаев Асхат және
Қуандыков Әмірхан құраған Кен орын-
дарын игеру және кен орындарындағы
өндіру технологиясы тобы.
«Алтын жүлдені» иеленген ПҚОП
Өндірістік бөлімшелер қатарының
қызметкерлері арқасында біздің
МӨЗ-дегі технологиялық үдерістерді
оңтайландыруға, жөндеу аралығын
арттыруға, өндіріс қауіпсіздігін
күшейтіп, қуат көзін пайдалану-
ды азайтуға мүмкіндік берген 12 жо-
ба іске асырылды. Дизельдік отын са-
пасын жақсарту мақсатында висбре-
кинг қондырғысынан жанармай мен
дизельдік отынды С-300 секциясының
дизельдік отынды гидротазалау
қондырғысының шикізатына бе-
ру жобасына сыйлықақы алған №
2 цехтың мазутты вакуумдық ай-
ыру қондырғысының бастығы
Сыдықов Өмірбай: «Қазіргі заман-
да барлығымыздан жұмысқа барын-
ша берілу талап етіледі және біз бүкіл
ұжыммен ең жақсы нәтиже алуға ты-
рысамыз. Мен басшылықтың біздің
еңбегімізге жоғары баға бергеніне,
ал отбасымның түсіністік пен қолдау
көрсеткеніне алғысымды білдіремін» -
деді.
Ресурстық қорды толтыру -
компанияның басым міндеттерінің
бірі, себебі өндіру көрсеткіштері
және компанияның бүкіл болашағы
геологиялық барлау қызметінің
жетістіктеріне байланысты. Қазіргі
уақытта біздің геологтарымызға
күрделі құрылымды мұнай-газ кендерін
табу мақсаты тұр, өйткені мұнай
кенішінің классикалық антиклиналдық
құрылымына жататын Оңтүстік-Торғай
ойысының мұнайы барланып қойған.
Қажырлы жұмыстың жемісті дәлелі
ретінде Белқұдық кенішінің ашылуы бо-
лып табылады, мұнда жер қабығының
түйіскен жерінде оқу құралдарында си-
рек кездесетін күрделі мұнай кені пай-
да болған. Геология және геофизи-
«Президенттік жүлде» - бұл компанияның үздік қызметкерлеріне арналған
жоғарғы марапат, олардың «ПетроҚазақстан» өркендеуіне қосқан үлесі мен
сіңірген еңбегін бағалау болып табылады. Бағдарлама іске асып келе жатқан 7
жыл ішінде жүлдені 600 қызметкер алды, оның ішінде 135 адам - 2012 жылдың
нәтижелері бойынша иеленді.
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖҮЛДЕ- 2012
Бимұрза Ешімбетов, РП ТШЦ
шебері, ПҚОП: «Еңбегіне қарай
бағаланғанды барлығы ұнатады. Бұл
сыйлық - мен үшін үлкен түрткі!»
Пу Шичжао, ПҚҚР Ге-
ология және геофизика
департаментінің топ жетекшісі:
«Мен Президенттік жүлдегері
атанғанымды білгенде, бұған се-
не алмадым. Бұл біздің ұжымның
қажырлы еңбек жылдарының жемісі
екендігіне сенімдімін. Марапат-
тау мені компаниямыздың одан әрі
өркендеуіне үлес қосуыма бұдан да
көп күш-жігер жұмсауға итермелейді».
2012 - Президенттік жүлденің иегерлері / Обладатели Президентской премии - 2012 /
President’s award winners - 2012
МҰНАЙШЫ
Маусым 2013
7
ка департаменті тобының 2012 жылғы
елеулі жетістіктерінің бірі Кетеқазған
және Ақжар құрылымдарындағы 1057
Лицензия, батыс бөлігіндегі көптеген
өзен палео-арналарын анықтау бол-
ды. Бөлімнің тағы бір жетістігіне
951D лицензиялық блогындағы Дос-
жан алаңындағы таяз мұнай кенішін
анықтауы жатады. Жаңа өзіндік мұнай
кеніштері ашылған Батыс Тұзкөл кен
орнын бағалап барлауы жақсы нәтиже
берді. Батыс Қарабұлақ кен орнының
сынама пайдалану ұңғымаларында
да мұнайдың жақсы ағымы алын-
ды. «Бұл марапат - ұжымның әрбір
мүшесінің еңбекқорлығы мен жұмысқа
берілгендігінің нәтижесі» - деп атап
өтті ПҚҚР Аға техникалық директо-
ры, «Көлжан» ЖШС Директоры Абу-
дурэсити Турсун. - «Менімен бірге өз
еңбектерімен компаниямыздың ре-
сурстарын көбейтіп жүрген жарқын
да дарынды әріптестер жұмыс істейді.
Еңбегіміздің нәтижелерін бағалау,
сөз жоқ, бізді жаңа жетістіктерге
жігерлендіреді».
«Алтын жүлде» иеленушілері -
Кен орындарын пайдалану және
кен орындарындағы өндіру тех-
нологиясы тобының ұжымдық
жұмылулары және бататын сорғы
қондырғылардың жаңасын алудың
орнына пайдаланылғандарын тиімді
жөндеуінің арқасында компания кен
орындарындағы қосымша өндірудің
артуына және қаражатты барынша
үнемдеуге әкелген іс-шаралар қатары
жүргізілді.
Күміс жүлденің иегерлері болып 8
топ және бір дербес иеленуші атанды.
Төрт иегер ПҚОП-тан, олар - Жобалау-
конструкторлық бөлімінің тобы, Қаржы
департаменті тобы, Заң департаменті
тобы, сондай-ақ Техникалық бөлім
бастығы Горячковский Олег. Бір
топ Маркетинг және тасымалдау
бөлімшесінен - Шикі мұнай маркетингі
бөлімінің тобы және үшеуі Өндіру
бөлімшесінен шықты: Заң департаменті
тобы, Қаржы департаменті тобы және
Мұнай және газ өндіру цехының тобы.
«Күміске» сондай-ақ Еңбек ресурстары
департаменті, әкімшілік және ПҚОСИ,
ПҚҚР, ПҚОП - барлық бөлімшелердің
Қаржы департаменттерінің біріккен то-
бы лайықты деп танылды.
Қоланы 12 иеленуші алды, оның
төрт тобы ПҚҚР-дан: Ұңғымаларды
күрделі және жерасты жөндеу тобы,
Ұңғымаларды жерасты зерттеу тобы,
Корпоративтік хатшы бөлімінің тобы
және Жоба жөніндегі департаментінің
тобы; Бірлескен кәсіпорын
бөлімшелерінің бірі: Бірлескен
кәсіпорындар департаментінің тобы.
Тағы да жүлде иеленуші бес топтың
қызметкерлері Маркетинг және тасы-
малдау бөлімшесінде жұмыс істейді -
Мұнай өнімдерін ішкі нарыққа марке-
тингтеу тобы, Жеткізілім және логи-
стика бөлімінің тобы, Маркетинг және
тасымалдау департаментінің қаржылық
тобы, АМӨЗ зауытымен жұмысты
үйлестіру тобы және Теміржол телімі
тобы. Жеке иеленушілер арасынан -
Көбік өрт сөндіру телімінің бастығы
Базарқұлов Ерлан және ПҚОП электро-
ника инженері Швоев Александр.
Бастама көтеріп, қажырлы жұмыс
істеу - дәл осындай адамдардың
арқасында біз бір орында тұрмай,
алға қарай жүреміз! «Жалпы мен үшін
бұл марапат - ерекше жетістік, менің
үлкен бір топтың мүшесі екендігімді
ұғыну болып табылады», - дейді ҚАМ
кен орнында өндіру технология-
сы бөлімінің жетекші инженері, «ал-
тын» иегері Есқараев Алмас - «Бұл
менің барлық әріптестерімнің жемісті
де ауыр еңбегінің жақсы нәтижесі.
Мұнайшының жұмысы оңай емес
және бұл жеңіс сонысымен бағалана
түседі, және компанияның жыл сайын
өзінің ең үздік жұмыскерлерін қалыс
қалдырмай, атап өтетіні аса қуантады,
осылайша «ПетроҚазақстан» атты
үлкен бір отбасындағы ұжымдық рух
пен ауызбірлік нығая түседі.
Алтын президенттік жүлденің алушылары мен компанияның жоғары басшылығы / Золотые призеры Президентской премии с высшим руководством компании /
Gold Award winners with top management of the company
Достарыңызбен бөлісу: |