Мобильді оқыту технологиясын биологиялық білім беруде қолданудың Әдістемелік мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата20.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#31688
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
325-449-1-SM

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3(83), 2020 

 

26 



 

 



Инновация:  ұялы  байланыс  құрылғыларын  білім  беру  бағдарламаларында  креативті  түрде 

пайдалануға және жаңа идеяларды көруге деген сенімділікті дамыту үшін қолдануға болады.  

Биология  күрделі  де,  қызықты  пәндердің  бірі,  оның  оқу  мазмұнын  дәстүрлі  түрде  сабақ 

барысында  қолдану  кезінде  кейбір  ұғымдарды  түсіну  қиын  және  ол    ұғымдарды  студенттер  көз 

алдына елестете алмайды. Бағдарлама қосымшаларының 3D визуализациясы студенттерге ғылыммен 

байланысты  объектілерді  егжей-тегжейлі  бақылап,  білуге  мүмкіндік  береді.    Биология  оқулықтары 

көбінде  мәтіндермен  толығады және  оған  визуализация  жетіспейді.  Аталған

 

технологияларды  білім 



беруде қолдану студенттердің  оқуға деген қызығушылығын арттырып, көзге көрінбейтін мазмұнды 

бейнелеуге  көмектеседі,  тәжірибесін  байыта  алады.  3D  форматында  ұсынылған  ақпараттың 

сипаттамалары  студенттерге  тақырыпты  өздігінен  үйренуге  мүмкіндік  беретін  нақты  өзара 

әрекеттесуге ықпал етеді.  

М-learning-ге  қатысу  үшін  ең  алдымен  мобильді  құрылғы  қажет.  Қазіргі  білім  алушылар 

смартфондарды қолдануға әдеттенген және күн сайын көп уақытын осында жұмсайды. Смартфонның 

басқа  құрылғылардан  артықшылығы  оның  қолжетімділігі  және  оның  көптеген  техникалық 

мүмкіндіктерінің  болуы.  Атап  айтсақ,  смартфондағы  қосымшалар,  интернет  желісіндегі  әртүрлі 

контенттер,  аудиовизуалды  материалдар  биолог  мамандардың  білімін  жетілдіру  мақсатында  өз 

көмегін  тигізеді.  Жалпы,  мобильді  қосымша  –  белгілі  бір  тұтынушылар  тобына  арналып 

құрастырылып,  олардың  қандай  да  бір  мәселелері  мен  қиындығын  шешуге  бағытталған  және  ол 

шағын,  сымсыз  есептеу  құрылғыларында,  мысалы,  смартфондар  мен  планшеттерде  пайдалану  үшін 

арнайы  жасалған  қолданбалы  бағдарламалық  қосымша.  Яғни,  мобильді

 

қосымша  -  нақты 



платформаға  орнатылған,  белгілі  бір  әрекеттерді  шешуге  болатын  функционалдығы  бар  арнайы 

бағдарлама [16].   

Арнайы  қосымшалар  құрылғылардың  қажеттіліктері  мен  шектеулерін  ескере  отырып 

жасалады,  сондай-ақ  олардың  кез  келген  мамандандырылған  мүмкіндіктерін  пайдалануға  арналған. 

Әдетте,  мұндай қосымшалар шектеулі функциялары бар шағын бағдарламалық қамтамасыздандыру 

қондырғылары  болса  да,  олар  пайдаланушыларға  сапалы  қызмет  пен  тәжірибе  ұсынуға  мүмкіндік 

береді. 

Осыған  орай,    қосымшаларды  жасаудың    технологиясы  қарқынды  дамып,  оқытушылар  мен 

студенттерге  арналған  жүздеген  бағдарлама  кешенді  түрде  қолданылып  келеді.    Солардың  ішінде 

биология пәніне қажетті  қосымшаларды смартфоннан  App Store  немесе Play Market арқылы жүктеп 

алуымызға болады.  Олар: 3D Motion Human Anatomy, Leafsnap, Plants, Human Body, Visual Anatomy, 

Bacteria interactive 3D, Генетика, Биология, Молекулалық биология, т.б. қосымшалары.  

«Генетика»  бағдарламасы  өте  қарапайым,  қолдануға  ыңғайлы  интерфейсімен  қамтылған, 

жылдам  іздеу  қызметі  бар    қосымша.  Мұнда  генетикалық  код,  генетика  тарихы,  оның  бөлімдері, 

әдістері,  мутация,  гендік  мутация,  генетикалық  терминдер  тізімі  қамтылады.  Анықтамалық  жеке 

режимде интернетке қосылмай жұмыс жасай береді. Осы қосымшаға ұқсас «Genetics Dictionary»  он 

мыңнан аса  генетикалық сөздерді қамтитын

  

қосымшаны  да тегін жүктеп, қолдануға болады. Мұнда 



да гендер, хромосомалар, гендік мутациялар, онкогендер және т.б. тақырыптар қамтылады.  

 Ал биологияны оқу үдерісінде бірнеше білім беруге бағытталған «Биология – мектеп  курсы», 

«ҰБТ  биология»,  «Биология-репетитор»,  «Жалпы  биологиядан  лекциялар»,  «Молекулалық 

биология», «Биологиядан тестер» қосымшаларын пайдалануға болады.  

«Frog  Dissection»  жануарларға  тәжірибе  жасауға  арналған  керемет  қосымша  болып  табылады 

(1-сурет).  Ол  виртуальды  бақаның  3D-көрінісін  көруге,  оған  қажетті  құралдардың  көмегімен 

эксперимент  жасауға  және  әрбір  органды  виртуальды  зертханалық  жағдайда  зерттеуге  мүмкіндік 

береді. Мұндай тәжірибелердің көмегімен бірде-бір жануарларға зақым келмейді. 

 



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3(83), 2020 

 

27 



 

 

 



Сурет 1- Frog Dissection қосымшасы 

 

         2-суреттегі  Leafsnap  –  өсімдіктерді  визуальды  цифрлық  танудың  ерекше    қосымшасы.  Бұл 



қосымша  90%  өсімдік  пен  ағаш  түрлерін  тани  алады.  Бұл  қосымшада  бірнеше  функциялар  бар,   

мысалы  «Шолу»  функциясын  пайдаланып,  әртүрлі  ағаштардың  жапырақтары,  гүлдері  немесе 

жемістерінің суреттерін іздеуге болады. Бұл бағдарламаның  жұмыс істеу қағидасы өте қарапайым: 

ол өсімдік жапырағын суретке түсіре отырып, бағдарламаның жадындағы жапырақтармен салыстыра 

отырып  іздейді.  Егер  сәйкес  келсе,  сол  өсімдік  туралы  толық  ақпараттар  беріледі.  Leafsnap 

қосымшасының  «Көршілес  түрлер»  функциясымен  өзіңіздің  аймағыңыздағы  қай  өсімдік  түрлерін 

анықтағанын көре аласыз.     

 

 



 

Сурет 2-  Leafsnap мобильді қосымшасы 

 

Оқушылар мен студенттерге арналған оқу үдерісінде қолданылып жүрген көптеген анатомиялық 



атластар мен энциклопедиялар  да бар, солардың бірі – «3D Motion Human Anatomy» қосымшасы. Бұл 

адам  денесінің  үш  өлшемді  моделін  оқытуда  кең  пайдаланылатын  интерактивті  қосымша  болып 

табылады. Мұндағы әрбір модель медициналық дәлдікпен жасалған [17]. 

«Visual  Anatomy  –  3D  Human»  қосымшасы  адамның  анатомиялық  құрылысының  200-ге  жуық 

функциялары    мен  бейнелерін  ұсынатын  мобильді  қосымша  (3-сурет).  Ол  адам  анатомиясын 

зерттеуде  қолданылатын  қосымша  құрал  болып  табылады  және  студенттерге  екі  өлшемді  бейнеге 

қарағанда  визуальды  түрде  ақпарат  беретін,  адам  денесінің  әрбір  мүшесіне  түсініктеме  беретін 

анатомиялық  атлас  болып  есептеледі.      Аталған  қосымшаларды  App  Store   немесе  Play  Market-тен  

жүктеп алуға болады. 

 



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3(83), 2020 

 

28 



 

             

 

 

Сурет 3- Visual Anatomy қосымшасын жүктеу 



 

Төмендегі  1-кестеде  биология  пәнін  оқытуда  қолданылатын  бірнеше  мобильді  қосымшаларға 

салыстырмалы талдау жасадық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет