Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 3(83), 2020
21
ҒТАХР 14.35.09
МОБИЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ
ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ
Р.У. Альменаева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан
a_raihan@mail.ru
Білім саласында жаңа технологиялардың ықпалы мен үлесі күн санап өсуде, атап айтқанда, қашықтықтан
білім беру, онлайн курстар мен тренингтер, бейне конференциялар мен вебинарлар, мобильді оқыту,
электрондық және цифрлық білім беру ресурстары, т.б. Солардың бірі – мобильді оқыту технологиялары
инновациялық жетістіктердің негізгі құраушыларына айналды. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде мобильді
оқыту технологияларын қолдану мәселесі өзекті болып отыр. Мақалада мобильді оқыту технологияларының
білім берудегі рөлі мен қолдану тенденциялары, әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ,
мобильді оқыту терминіне түсінік беріліп, мобильді технологияларды білім беруде қолдану мәселелері мен
оның зерттелу барысы баяндалған.
Мобильді қосымшаларға талдау жасай отырып, биология пәнін оқытуда
қолданылатын бірнеше қосымшалар ұсынылған.