Модельдер түсінігі және түрлері. Модельдеу кезеңдері


Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау



бет3/5
Дата09.11.2022
өлшемі71 Kb.
#48834
1   2   3   4   5
Байланысты:
Модельдер түсінігі және түрлері. Модельдеу кезеңдері

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау
Материалдық (заттық) модель Ақпараттық модель


Вербальдық Таңбалық


Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер
Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель–объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер
Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.
Компьютерлік модель деп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс - әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Ол шын мәнінде бар немесе жобаланатынын объект(процесс) болуы мүмкін.
Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Күнделікті тұрмыста адам әр түрлі шешім қабылдайды. Демек, модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады.
Модельдеудің енгізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады. Модельдеудің жалпы кезеңдерін келесі төменнен көруге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет