Отбасындағы тәрбие принципері



Дата14.10.2022
өлшемі28 Kb.
#43048

Отбасындағы тәрбие принципері .

Тәрбиенің негізінде жататын ересектердің әртүрлі жағдайлар мен кезеңдердегі іс-әрекетінің жүйелі де тұрақты болуын қамтамасыз ететін тәрбие принциптері.


Тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындап, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мақсатпен астасып отырады.
Тәрбие принциптері – тәрбие жұмысының іс-әрекеттерін /тактикасын/ педагогикалық тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін кез келген уақытта, тіпті, барлық жерлерде басшылыққа алуға қажетті өмірлік қағидалар.
Сонғы кездерде қоғамның демократиялық тұрғыда жаңаруына байланысты тәрбие принциптері де қайта құрылып, кейбіреулері ішінара жаңаша мазмұнмен толықтыруда.
Бүгінгі таңдағы тәрбие процесінде бұрынғыдай тек ересектер үстемдік жүргізіп, балалар мен оны құрметпен тыңдайтын, оның айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген монологизм принципі, ендігі жерде ересектер мен балалар тең құқылы тәрбие субьектісі ретінде танылып диалогизм принципіне ауысуда.
Қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңызды принциптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1.Мақсатылық принципі
Отбасы тәрбиесінің мақсаты қоғамдық тәрбиенің мақсатымен бірдей емес. Қоғамдағы саясатына байланысты болып белгіленеді. Мысалы: қазіргі кезде қоғамның адамдары білімді, бірнеше тілді білуге ұмтылған, адамсүйгіш, іскер, шығармашылығы мол, техникадан білімділігі, экологиялық, эстетикалық тәрбиесі болуымен ерекшеленеді.
2.Ізгілік принципі
Адамға деген сүйіспеншілік – шынайы, ақылмен санасу. Жалпы ізгілік принципі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың өзара құрметке, ынтымақтастықта, сүйіспеншілікке негізделіп құрылуын көздейді.
3.Жүйелілік принцип
Баланың тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыру .Отбасындағы жеке тұлғаның дамуына жан-жақты ықпал ету,тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдары мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол.


4.Талап бірлігі принципі
Талап бірлігі – егерде әкесі былай десе, шешесі басқаша айтса бала не істерін білмейді, сондықтан талап бірлігі болу керек.
5.Келісімдік принципі
Бала тәрбиесінің бір ерекшелігі – оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың
/балабақша, мектеп, спорт үйімелері, т. б./ тікелей ықпалымен жүзеге асатындағыда.
6.Баланың жас және дара ерекшеліктерін, қызығушылықтарын есепке алу. Баланың дамуындағы әр жастағы болатын кризистерді есепке алу.
Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекет жолдары. Тәрбие әдісінің жеке бір бөлігін- тәрбие тәсілдері деп аталады
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.


Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.


Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.


Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек — өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», «Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.


Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.


Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс-тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады. Мәселен, «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді. Тіпті, қазақ отбасы балаға ертегі арқылы да экономикалық тәрбие бере білген. Оған: «Мақта қыз бен мысық”, «Ақылды қыз бен тазша», т.с.с. ертегілер мен халық арасында кең тараған Қожанасыр туралы әзіл әңгімелерден де экономикалық құбылыстар мен оларды шешудің тиімді жолдарын аңғарамыз.




«Жеті Жарғы» заңының бір бабы «құн төлеуге арналуы және «судың да сұрауы бар» деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен. Сол кезеңдегі қазақ теңгелерінің дүниеге келуі оның тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдей

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет