МОДУЛЬ – ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫ СІҢІРУ (МЕТАБОЛИЗМ) ЖӘНЕ ГОМЕОСТАЗ.
1 БӨЛІМ – ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫ СІҢІРУ (НОРМА) БОЙЫНША СОӨЖ–геАРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА, ПЕДИАТРИЯ МЕКТЕБІНІҢ
2 КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН
№1тақырып: Ас қорыту жүйесінің физиологиясы. Асқазан-ішек жолының түрлі бөлімдеріндегі астың қорытылуы (ас қорыту конвейері). Сіңірілу үрдісі: ауызда, асқазанда, аш ішекте, тоқ ішекте. Сіңірілу механизмдері. Түрлі қоректік заттардың сіңірілу үрдісі (көмірсу, нәруыз, май, су және тұздар). Асқазан-ішек жолының моторикасы. Бауырдың көп қызметті рөлі. Балалардағы ерекшеліктері.
ХАТТАМА ТОЛТЫРУ:
1Тапсырма. Кестені толтырыңыз «АІЖ-ның ас қорыту сөлдерінің құрамы мен қасиеттері»
Ас қорыту сөлерінің түрлері
|
Тәуліктік бөлінетін мөлшері
|
рН
|
Органикалық заттар/ Ферменттер
|
Ферменттердің әсері
|
Бейорганикалық заттар
|
Сілекей
|
50-2000 мл
|
5,6-7,6
|
Амилаза
Лизоцим
Муцин
Мальтаза
|
Амилаза – полисахаридтерді – декстран – дисахахридтерге дейін ыдыратады.
Мальтаза – ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтарді – моносахаридтерге дейін ыдыратады.
Муцин-тағамды жұмсартуға қатысады.Өңештен оңай өтуін қамтамасыз етеді
Лизоцим-микроорганизмді өлтіруге қатысады.
|
1. Калий, натрий, кальций,
магний иондары.
2. Фосфаттар, хлоридтер,
сульфаттар,
бикарбонаттар.
3. Родондық қосылыстар.
4. Йодид, бромид, фторид,
микроэлементтер: темір,
никель, литий
|
Асқазан сөлі
|
2,0-3,0 л
|
1,49 – 1,8
|
пепсин А
-гастриксин (пепсинС)
-пепсин В (парапепсиннемесе желатиназа)
-реннин (пепсин Д
немесе химозин)
-қарын липазасы
Органикалық заттар
Лизоцим (мурамидаза)
Кастла факторы–
гастромукопротеид (муцин)
|
- пепсин А рН 1,5-2 ортада белок гидролизі
- гастриксин оптимум әсері рН 3,2-3,5 артады
-пепсин В дәнекер ұлпа белоктарын
ыдыратады
- реннин Са++ иондарының қатысымен
сүт казеиногенін казеинге
айналдырады
- қарын липазасы Эмульсияланған майларды
(сүт май) глицерин мен май
қышқлдарына ыдыратады
|
Хлоридтер,
сульфаттар,фосфаттар,бикарбонаттар:натридің,калидің,кальцидің,магнидің.
|
12 – елі ішек
|
2-3 л
|
7,5-8,5
|
құрамында пепсин ферменті бар. Ондағы пепсин химусқа сіңген қарын сөлі пепсинімен бірлесіп, ішекте біраз уақыт белоктарды ыдыратуы мүмкін.
|
ішекте біраз уақыт белоктарды ыдыратуы мүмкін.
|
хлоридтер, натрий, калий, кальций гидрокарбонаты
|
Ұйқы безі сөлі
|
600-700 мл
|
8,6-9,0
|
Протеазалар,липаза,гидролитикалық ферменттер-амилаза
- мальтаза
- лактаза
Шырышты заттар
|
Протеазалар – белоктарды ыдыратады
Липаза – Са++ тұздарының қатысымен
эмульсияланған майларды ыдыратады
Гидролитикалық ферменттер – көмірсуларды ди және моносахаридтерге дейін гидролиздейді.
|
Катиондар:
Na+, Ca 2+, K+, Mg2+
Аниондар:
Cl , HCO3, HPO4
|
Өт
|
500-1200 мл
|
өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0
бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0
|
1.Өт пигменттері: билирубин, биливердин
2.Өт қышқылдары және олардың тұздары:
таурохол – 20%, гликохол – 80%
3.Холестерин.
4. Муцин.
5. Май қышқылдары, липидтер.
|
Өт пигменттері өт түсін қалыптастырады.
Өт құрамындағы пигменттерден нәжісті табиғи түске бояйтын пигменттер пайда болады.
|
Na+
, Fe2+, Mg2+
,
K+
, Ca2+
,
аниондар: Cl-
,
HCO3
-
|
Ішек сөлі
(аш ішек)
|
1000 мл
|
6,1-7,31
|
1.Протеазалар:энтерокиназ, полипептидаза,аминопептидаза, нуклдеаза.
2.Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке
ішекте.
3.Липаза, фосфолипаза, фосфатаза.
4. Муцин.
|
Бірнеше пептидаза, соның ішінде:
энтеропептидаза - белсенді емес трипсиногенді белсенді трипсинге айналдырады;
Аланинаминопептидаза - асқазан және ұйқы безі протеазаларының әсерінен кейін белоктардан түзілген пептидтерді ыдыратады.
Дисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдырататын ферменттер:
Сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады;
Мальтаза мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;
Лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады.
Ішек липазы триглицеридтерді глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады.
Эрепсин, ақуыздарды ыдырататын фермент.
|
1% минералдық тұздар К+
, Na+
, Ca2+
, хлоридтер,
бикарбонатта
|
Ішек сөлі
(тоқ ішек)
|
270-1 550 мл
|
6,1-7,31
|
қоректік заттардың гидролизін аяқтайтын 20-дан астам ферменті бар. 1. Протеазалар: энтерокиназа, полипептидаза, аминопептидаза, нуклдеаза. 2. Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке ішекте. 3. Липаза, фосфолипаза
|
Химус құрамыдағы ферменттер-қоректі заттарды
қалдықтарын ыдыратады
Бірнеше пептидаза, соның ішінде:
энтеропептидаза - белсенді емес трипсиногенді белсенді трипсинге айналдырады;
аланинаминопептидаза - асқазан және ұйқы безі протеазаларының әсерінен кейін белоктардан түзілген пептидтерді ыдыратады.
Дисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдырататын ферменттер:
сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады;
мальтаза мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;
лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады.
|
Бейорганикалық заттар: 1% минералдық тұздар К+, Na+, Ca2+, хлоридтер,
Бикарбонаттар
|
Достарыңызбен бөлісу: |