Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


Лекция №5. Химиялық кинетика.Гомогенді және гетерогенді катализ



бет38/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126
Байланысты:
fkh grm,gd -19-1.2020 (1)-7

Лекция №5. Химиялық кинетика.Гомогенді және гетерогенді катализ. 

Жоспары: 
4.Гомогенді және гетерогенді катализ.

5. Активаторлар мен ингибиторлар.

6. Автокатализдік реакциялар. 

Лекция мәтіні: 
Реакция жылдамдығын өзгертіп, реакция соңында өзгеріссіз қалатын заттар катализатор деп аталады.

Егер де катализ нәтижесінде реакция жылдамдығы артса теріс катализ деп аталады.

Егер де химиялық процесс нәтижесінде катализатор түзілсе, онда процесс автокатализдік деп аталады. 
СН3СООС2Н5 + Н2О → СН3СООН + С2Н5ОН

Катализатордың әсерін кемітетін заттарды ангивиторлар немесе каталитикалық улар деп атайды.

Катализатормен әрекеттесуші заттар біртекті жүйе құрап, бір фазада болса гомогенді катализ, ал әр түрлі фазада болса гетерогенді катализ деп атайды.

Химиялық реакциялар жылдамдығы катализаторлар жәрдемінде реттелуі мүмкін. Реакцияның жылдамдығын өзгерту,бірақ реакцияның соңында сапалы және сандық түрде өзгеріссіз тұратын заттарды катализаторлар деп атайды. Катализатор қатынасуында химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруін катализ деп атайды.

Катализ табиғатта кең тарқалған.Мысалы, сырды қайнату катализ процесіне жатады.Қамырды ашыту, ашытқылар катализатор болады.

Әртүрлі заттар катализатор болуы мүмкін және катализатор әртүрлі агрегаттық жағдайда болуы мүмкін газ, сұйық, қатты болуы мүмкін. Катализаторлар тұздар, қышқылдарнегіздер, оксидтер, метталл, әр түрлі органикалық, анорганикалық газ күйіндегі заттар болуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда әр түрлі аралықтарда катализатор рөл ойнайды. Кейбір жағдайларда да реакция өнімінің өзі катализатор болуы мүмкін. Радиациондық араласпаға катализатор қосқанымызда химиялық реакцияның жылдамдығы асатын болса, мұндай катализді оң катализ деп атайды. 
2КІ + Н2О= I2 +2KOH 
Егер де катализатор қосқанда реакцияның жылдамдығы төмендесе, ондай катализді теріс катализ деп атайды. Жылдамдықты төмендетуші катализаторды кейбір жағдайда да ингивиторлар деп атайды. Сутегі пероксиді кейбір жағдайларда да ыдырайды.

2О2 = Н2О+O2


Егер де осы реакцияға ацепт анилит органикалық реактивті қоссақ, ол уақытта ыдырау тоқтайды. Бұл уақытта ацет анилит ингивитор болады. Кейбір жағдайларда катализаторлар реакцияның жүруінде пайда болады. Мұндай реакциялар автокаталитикалық деп атайды, ал құбылыстың өзі автокатализ деп аталады.Автокатализ уақытында бастапқы уақытта реакция жылдамдығы өте аз болады.

Катализатор өнімі көбейген сайын реакция жылдамдығы күшейе береді.Бірақ белгілі бір максималға жеткеннен кейін реакцияға кірісуші заттар концентрациясының азаюына байланысты реакцияның жылдамдығы қайтадан төмендей бастайды. Мұндай автокатализ реакциясына мысал сірке этил күрделі эфирінің гидролизін жазсақ болады.

СН3-СОО-С2Н5 + Н2О =CH3COOH+C2H5OH

Бұл реакцияда катализаторлар рөлін сірке қышқылы және сутегі ойнайды.Кейбір жағдайларда заттардың араласпасын күшті катализаторлық рөл ойнайды. Мысалы,

Ғе2О3 +Ві2О3

Аммиактың азот оксидіне айналу реакциясында катализаторлық рөл ойнайды. Алдыңғы уақыттарда бұл реакцияларда қымбат платина ойнайтын еді,бұл екі араласпа арзан. Ал азот оксиді көп мөлшерде азот қышқылы алуда қолданады.

Кейбір жағдайларда өздері актив болса да, кейбір заттарды катализаторға қосқанда олардың катализаторлық активтігін асырады. Мұндай қосымша заттарды прамотрлар немесе активтенуші зат деп атайды.

Катализдік реакуияларда катализатордың әсер ету механизмін көпшілік жағдайларда әсерлесуші заттардың катализаторлармен әсерлесіп аралық актив комплекстердің пайда болуы арқылы түсіндіреді. Мысалы:

А + В =АВ

Бұл реакцияның жылдамдығы төмендегі басқыштармен жүреді:

а) А + кат → А кат

б) А кат + В → АВ + кат

Көпшілік катализ процесі осы механизм арқылы амалға асады. Осылайша аралық комплекстердің пайда болуы катализ реакцияның активтену энергиясын азайтып жібереді. Нәтижесінде реакция өте оңай амалға асады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет