27. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация? Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” – деген тұжырымдама берді. Оның 3 түрі бар. Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
28. Жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасы қандай тұжырымдаңыз. Жаңартылған білім беру — сапалы білім алуға негізделген, білім алушыларды заманауи үлгіде оқытудың жүйесі. Бұл жүйе негізінен жаңа технологияларды білім жүйесінде қолдана отырып, сапалы білім беруге бағытталған. Жаңартылған білім беру жүйесінің мақсаты — сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын, эксперименттер жүргізу, ақпараттық технологияларды пайданалу, жеке, жұптық, топтық қарым-қатынас құру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және пайдалану, оларды тиімді іске асыру, білім алушының жеке басы үшін үйлесімді және қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.
Жаңартылған білім берудің тиімділігіне тоқталар болсақ, білім алушылар үшін: