Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі


Жаңартылған білім беру бағдарлама аясында ағылшын тілі мұғалімі үшін маңызды аспектілерін тізбектеңіз



бет5/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Жаңартылған білім беру бағдарлама аясында ағылшын тілі мұғалімі үшін маңызды аспектілерін тізбектеңіз.

Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді Қарым-қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер қолданылады. Әндердің оқушылар үшін қызықтылығы мынада: олардың не жайында айтылатында, қандай әуен түрінде орындалатындығы. Әндер оқушыларға бірдеңе жайлы хабар береді, қызықтырады, яғни қарым-қатынаста бірінші орынды алуға итермелейді. Бұл жағдайды оқушылар шығармашылық жұмыс арқылы, яғни отбасы мүшелері суретін салып және жазып, басында түсіндірілген құрлымды қолданып айтып шығады. Бұл жерден оқушылардың толық жұмысқа қамтылуы байқалады. Осыдан келе сурет салу барысында ән қосымша орындалса, оұушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген ынталары, қызығушылықтары молайады. Осы оқулықтан көретініміз, әр тақырыпқа ән бірге берілген және сол әннің бейне баяныда бірге берілген. Оқушылар әндерді үйрену барысында, жаңа ақпараттар алады, шығармашылық қызығушылықтарын қалыптасуына септігін тигізеді. Мысалы, оқушылар, өлеңді үйрену барысында, дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады. Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды. Әсіресе, эстетикалық мотивация-ойлауды дамытады, көңіл-күй, ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады. Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі өлеңді сүйіп қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады. Тілді үйрету үрдісінде әндер-дәстүрден тыс мерекелік элемент ретінде білім алушылардың эмоционалды ортасына (кеңістігіне) өз әсерін тигізеді. Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен түрінде қолданғанда, материал тез жатталып, шаршағандарын басады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет