Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі


Интербелсенді оқытудың шарттарын анықтаңыз



бет7/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
11.Интербелсенді оқытудың шарттарын анықтаңыз.
Интербелсенді оқу дәстүрлі оқытудың негізгі идеялары мен ұстанымдары болып келген авторитарлық пен үстемдікті, үйретушінің мызғымас беделін, монологті, сырттан үйретуші тарапынан күштеуді демократиялық коммуникациямен алмастырады.
Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері мен қызығушылығын ескеріп, өзара сыйласымдылық пен тәуелділіккн, бірлескен іс-әрекеттерге негізделген мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айқындап, оқу\үйренудің нысандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін беру арқылы олардың өз біліміне деген жауапкершілігін нығайтады. Сол себепті интербелсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті деп тану керек:

  • Жағымды психологиялық орта орнату,

  • Үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру,

  • Білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау,

  • Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану.

12. Жаңартылған бағдарламадағы жоспарлау формаларың ағылшын тілі сабағында қолдану тәсілдерін көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының маңызы зор. Себебі, бағдарламаның мақсаты – Ағылшын тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасының құрылымы жүйелі. Курс кезінде алдымен мұғалімдер құжаттармен жұмыс жасап үйренеді. Мұғалімдер білуге тиіс негізгі үш құжат бар: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалауға арналған басшылық. Осы үш құжатты бір- бірімен байланыстыратын нәрсе – оқу мақсаттары. Оны білудің қандай артықшылығы бар? Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім осы құжаттарды қолдануы және қай құжаттан нені басшылыққа алатынын анықтай алуы тиіс. Сондықтан курс барысында осы құжаттармен жұмысқа жиі оралып отыру қарастырылған. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – әр пәннің ерекшелігінің ескерілуі. Сол себепті бағадарламаның оқу-әдістемелік кешенінде ағылшын тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, оқудың үдемелілігі, белсенді оқу, мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, қолданылатын әдістер мен тәсілдер, ағылшын тілін оқытудағы бес тілдік дағды, оқушыларды уәждеу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, оқытуды критериалды бағалау және жоспарлауға дейін негізгі мәселелер қамтылған. Ағылшын тілін оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер аясындағы «Табиғи әдіс», «Тыңдау – көру – орындау», «Тіл үйренушілер қоғамдастығы» әдіс- тәсілдері, графикалық органайзерлер мұғалімдердің қызығушылығын тудырды. Қысқа мерзімді жоспарлар жасау барысында мұғалімдер осы және басқа да белсенді оқу әдістерін шеберлікпен енгізіп, ықшамсабақтар кезінде әріптестерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Оқыту мен оқуда басты назарда ұстайтын мәселенің бірі – тиімді кері байланыс. Ұсынылған кері байланыстың тиімді болуы немесе оны тиімді, оқушының қызығушылығын, ынтасын, өзіне сенімін жоғалтып алмайтындай етіп ұйымдастыру мұғалім шеберлігіне байланысты екенін де мұғалімдер осы курс аясында түсіне алады. Ықшамсабақтарды жоспарлау мен өткізу кезінде оқушы, мұғалім, бақылаушы рөлдерінде отырып бір- біріне тиімді кері байланыс ұсыну тәжірибелерін жетілдіреді, сонымен қатар өзара бағалау, өзін- өзі бағалау әрекеттерін де жүзеге асырады. Сонымен, қорыта келе, курс мұғалімдерге қандай жаңа мүмкіндіктер береді:

  • пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

  • пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;

  • мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет