Модуль 4 Химиялық реакциялардың энергетикасы. Ерітінділер. Коллоидты ерітінділер және дисперсті жүйелер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата25.04.2022
өлшемі381,16 Kb.
#32127
1   2   3   4   5   6
жүзгіндер  деп атайды (гранит, топырақ, бетон және т.б.).  Жүзгіндер суспензиялар және 

эмульсиялар болып бөлінеді. 

Дисперсионды  орта  –  сұйықтық,  ал  дисперсті  фаза  қатты  зат  болып  келетін 

жүйелер  суспензиялар деп аталады.  Мысалы, саздың суда еруінен суспензия түзіледі.  

Бір-бірінде  араласпайтын  сұйықтықтардан  түзілген  жүйелер  эмульсиялар  деп 

аталады.  Онда  сұйықтық  түріндегі  дисперстік  фаза  сұйық  дисперстік  ортада  тамшылар 

түрінде  таралады.  Эмульсияға  мысал  ретінде  май  тамшыларының  суда  таралуын  алуға 

болады.  

Дисперстік  фаза  бөлшектерінің  радиустары  100  нм  мен  1  нм  арасында  болатын 

жүйелер коллоидты ерітінділер немесе зольдер  деп аталады. Коллоидты ерітінділердің 

бөлшектерін  ультрамикроскоппен  немесе  электронды  микроскоп  көмегімен  көруге 

болады.  Сондықтан  коллоидты  ерітінділерді  ультрамикрогетерогенді  жүйелерге 

жатқызады.  Коллоидты  ерітінділерге  мысал  ретінде  күкірт  ерітінділерін,  металдар  мен 

олардың гидроксидтерін, сульфидтерін және басқа да тұздарды алуға болады.  

Дисперстік  фаза  бөлшектерінің  радиустары  1  нм-ден  кіші  болатын,  яғни  мөлшері 

бойынша  молекулалар  мен  иондарға  жақын,  гомогенді  дисперстік  жүйелер  шын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет