Кесумен өңдеу алдында құйма дайындамаларды термиялық
өңдеу
Құйма дайындамаларының кесумен өңделуін және өлшемдердің
тұрақтылғын өсіру үшін оларды термиялық өңдеуге түсіреді. Термиялық
өңдеу сипаты құйма қорытпа түрінен, құю тәсілінен құйма өлшеміне
және т.б. факторларға тәуелді.
Шойынның термиялық өңделуі шойынның металдық негізінің
құрылысын ұсақтау үшін, графиттеу дәрежесі, қалдық кернеуді алып
тастау, өлшемдердің түрақтылығы. Бұл кезде шойындағы графит
пошымы өзгермейді.
Графиттендіру жасытуы барлық шойындар үшін құймалардағы
карбидтердің орналасуы және беттік қабаттағы қаттылықты төмендету
үшін қолданылады. Ол 850...980
0
С температура кезінде жүргізіледі.
Жасытудың жалғасуы құйма өлшеміне, қабырға қалыңдығына,
шойынның химиялық құрамына байланысты және құйманың қабырға
қалыңдығының әрбір 25 мм 1 сағаттан қабылданады.
Құйманың барлық қимасы бойынша қаттылықты төмендету үшін
және матрицаны ферритті құрылысын алу үшін 700...720
0
С температура
кезінде жасытудың екінші стадиясын қолданады. 850...980
0
С –ден 720
0
С дейін өтуін жайлап жүргізу керек.Бұл көп феррит және құйманың
созымдылығын береді. Соңғы суыну 500...300
0
С температура
аралығында босау сынғыштығын болдырмау үшін тез өткізіледі.
Шойынды қалыптастыру жоғары беріктігі мен тозуға төзімді құйма
алу мақсатында 850...950
0
С температурада жүргізіледі, демек, перлитті
құйма алу үшін. Бір уақытта перлиттің ұсақталуы және қалдық
кернеудің алынып тасталуы өтеді. Құйманың толық қызып біткеннен
соң, оны пеште тағы 30...120 минут барлық көлемі бойынша құрылысты
теңестіру үшін қолданылады. Суыну ауада өтеді. Қалыптастыруды
қолданумен шойынның маркасын екі сыныпқа жоғарылатады.
Босату термиялық өңдеудің бөлек түрі сияқты сұр шойыннан
жасалған құймадағы тек қалдық кернеуді алып тастау үшін
қолданылады. Бұл кезде оларды 500...550
0
С температураға дейін
қыздырады 2...8 сағат ұстайды және пешпен бірге суытады.
Болатты құймалар ірі түйілі біртекті емес құрылысты және
созымдылығы төмен болады. Химиялық құрамына байланысты болатты
құймаларды 850...900
0
С температурада күйдіреді, 2...4 сағат бойы
ұстайды және пешпен бірге суытады. Бұл жағдайда ең жоғары
созымдылық пен ішкі кернеудің ең кіші дәрежесін алады.
Қалыптастыру кезінде құймаларды осындай температурада
қыздырады 4...5 сағат ұстайды, сосын ауада суытады. Бұл құрылыстың
ұсақталуына және түзетілуіне әкеледі.
Орташа және жоғары көміртекті болаттар үшін қалыптастыру
жасытуға қарағанда жоғары қаттылық және аз созымдылық береді.
Түсті металдардан жасалған құймалар термиялық өңдеуге аз түседі,
әсіресе кесумен өңделгіштігін жақсарту емес, ал механикалық
қасиеттерін жақсарту үшін қолданады. Термиялық өңдеу түрі құйманың
техникалық шартында көрсетіледі. Қабырғасы тегіс емес қимасымен ірі
құймаларда туатын қалдық кернеуді алып тастау үшін босату
қолданылады. Босату түзімі қорытпа түрінен, қабырғка қалыңдығынан
және құйма конфигурациясынан тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |