Құйма сапасын бақылау
Құйма сапасын бақылау жүйесі бастапқы материалды,
технологиялық процестердің барлық сатыларын және дайын құйманы
бақылауды өзіне кіргізеді. Әр сатыдағы бақылау көлемі өндірістік белгілі
жағдайымен және оның құймаға қойылатын талаптарына байланысты.
Бастапқы материалды бақылау шихталық материалдың химиялық
құрамын, олардың тазалығы тексеруден, сонымен қатар қалыптық
материал сапасын және қалыптық және тұрықтық қоспа қасиеттерін
тексеруден тұрады.
Қалып және тұрық дайындау процесін, құйма қалыбын жинақтауды
бақылау технологиялық процестің барлық сатыларында жүргізіледі.
Құйманың қиындығына және дәлдігіне байланысты әр сатыда
бақылаудың өз көлемі және әдісі қолданылады.
Құйма қорытпасының балқу жолын бақылау қорытпаның химиялық
құрамынан, қышқылсыздану дәрежесінен, құю температурасынан
тұрады.
Дайын құйманың сапасын бақылау бірнеше әдістерден тұрады.
Құйма жауаптылығынан және өндіріс типіне байланысты құйманы
массалық және таңдауды сыртқы қараумен жүргізіледі. Бұл жағдайда
пошым ауытқуы мен құйма өлшемі анықталады, көзге көрінетін сыртқы
ақаулар табылады.
Ену
радиациясының
әдістері
(рентгенографиялық,
рентгеноскопиялық және гаммарентгеноскопиялық) және ультра
дыбысты бақылау үлкен қалыңдығымен құймаларды бақылауға
мүмкіндік және ішкі ақауларды, кеуектерді, раковиналарды анықтау
кезінде жақсы нәтиже береді.
Беттік ақаулар бақылаудың магниттік әдістерімен, люминисценттік
және түсті дефектоскопиямен жақсы анықталады.
Құйма материалының механикалық сипаттамаларын бөлек
дайындалағн немесе үлгі құймасына жапсырылғандарды сынау нәтижесі
бойынаша анықтауға болады. Кейбір кездері үлгіні құймадан кесіп
алады.
Құйманың геометриялығына қойылатын талаптар кезінде сұйықтық
артық қысымына гидравликалық сынау жүргізіледі. Сынау алдын ала
механикалық өңдеуден кейін жүргізіледі.
Құймасының сапасын бақылау жұмыс істеу орнында, тікелей
жұмысты орындаушымен; мамандандырылған жұмыс орнында –
техникалық бақылау қызметінің жұмыскерімен; лабораторияларда –
сәйкес мамандармен жүгізіледі.
Негізгі 1[55-87]
Бақылау сұрақтары
1.
Құйма дайындаманың сызбасын өңдеу жолдары қандай?
2.
механикалық өңдеуге әдіп, пошымдық еңкіштік және дөңгелену
радиусы қалай тағайындалады және неге тәуелді?
3.
Қалыптағы құйма орны қалай таңдалады?
4.
Құйма ақауларын және оларды болдырмау жолдарын атаңыз.