шартынан және оның қалыпта кристалдануынан тәуелді.
жылдамдықтың төмен боуымен, төмен сұйықаққыштықтан, қалып
вентиляциясының нашар болуынан туады.
Ыстық жарықтардың тууынан сақтандыру үшін құймаларда ұсақ
түйірлі құрылыстың түзілуіне мүмкіндік беру, құйманың қабық және
жұқа бөліктерінің бірдей суынуын қамтамасыз ету, құйма қалыптың
берілгіштігін жоғарылату және т.б қажет құймаларда суық жарықтарды
болдырмас үшін құймаының барлық құймасы бойынша тоңазытқышты
пайдаланып бірдей суынуын қамтамасыз ету, құйма үшін созымдылығы
жоғары қорытпаны таңдау, құйма қалыптың жасытуын өткізу керек.
Отыру раковиналары мен кеуектер құйма теориясының
технологиялылығы төмендіктен, құю жүйесінің құрылғысының дұрыс
еместігінен, тоңазытқыш әсерінің жетіспеушілігінен туады. Газды
раковиналардың тууы қалып пен тұрықтың жоғары газ шығарғыштығы
және төмен газ сіңіргіштігі, құю температурасының төмендігінен және
т.б байланысты. Қожды раковина қождың төмен тұтқырлығынан, құю
жүйесінің жеткіліксіз әсерінен, дұрыс емес құюдан пайда болады. Газды
раковинаны болдырмас үшін балқытуды флюс астында құю, қорғауыш
газ ортасында жақсы кептірілген шихтаны пайдалану және т.б
тәсілдермен ақауларды болдырмау керек.
Күйіп кету – құюдың өте жоғары температурасы саладрынан,
құюдың өте ұзақ өтуінен, қалып қоспасының нашар тығыздалуынан
және сапасының төмендігінен туатын беттік ақау.
Табылған ақаулар дұрысталатын және дұрысталмайтын болуы
мүмкін. Ақауды дұрыстау техникалық шарттармен шешіледі.
Сонымен болат құймалардығы датбасу түзетумен дұрысталады.
Сыртқы ақауларды доғалық және газды пісірумен дұрыстауға болады. Ірі
құймалардың толық құйылмауын кейбір кезде сұйық металды құюмен
ақауды дұрыстайды. Раковиналар мен кеуектік әртүрлі майлаулармен
бітеумен немесе сіңірумен алып тастайды. Дұрысталмайтын ақау құйма
құрылғысын немесе оны алу технологиясын қайта қарастыруды талап
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: