Модуль әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері мен өкілдері



бет13/25
Дата03.11.2023
өлшемі189,33 Kb.
#121741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Әлеуметтану. Дәрістер курсы (1)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


бар?

  1. Білім қоғамда қандай қызметтерді атқарады?

  2. Білім беру жүйесі мен әлеуметтік теңсіздік арасында қандай байланыс




  1. Балаңыз үшін қандай мектепті гаңдар едіңіз және неліктен? Мектеп

таңдау сіздің мәдени капиталыңыздан қандай орын алады?

  1. Оқушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастауыш және орта сыныптардың оқу бағдарламаларын қалай өзгертер едіңіз? Сіз үсынған жүйенің айқын функциялары қан- дай болады? Астыртын функциялары ше? Ал ықтимал дисфункциялары ше?

  2. Балаңыз үшін қандай мектепті таңдар едіңіз және неліктен? Мектеп таңдау сіздің мәдени капиталыңыздан қандай орын алады?

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтанулық теориялар.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, Алматы 2018 ж.- 285 бет.

  2. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж. – 464 бет

  3. Macionis J.J. Sociology. Global Edition. 16th edition. Pearson, 2017. – 744p

  4. Brinkerhof D., Weitz R., Ortega S. Essentials of sociology. 9th edition, 2017.

  5. Macionis J.J. Society: The Basics. 14 edition - New Jersey. Pearson Education International, 2016. – 566p. (available online)

  1. ДӘРІС. ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ


Мақсаты: Отбасын әлеуметтік институт және кіші топ ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілерін талдау.

Отбасының пайда болуы және даму түрлері. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал- жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер- ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.


Морганның зерттеулерінде негізделген жорамалдар бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқа кезегінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен болған. Морганның және

басқалардың зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы – синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен. Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы, яғни аға-інілілер мен апа-сіңілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі. (өзбектер, араптар т.б) Бұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцип экзогамдық принциппен, яғни ру аралық некелесу формасымен ауысады. Бұл формада бір рудың қыздары басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектің тұратын отбасыға көшудің алғашқы қадамы болып табылады. Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды. Ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының, бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамды отбасының (бір некелік отбасы) тууына жағдай жасайды. Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады. Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ.

  1. Отбасының құрылымы мен қызметтері. Отбасының маңызы оның атқаратын

қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді. Бірақ жұбайлардыңн балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазіргі де солай. Мысалы патриархальды отбасы – шаруашылық экономикалық қажетіліктен туған. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі – зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына интермелейді. Мыс. Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізіледі. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресустарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытай шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.
Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық – экономикалық және тұрмыстық - шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметті қазіргі уақытта бірінші орынға көтеріледі, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты. әсіресе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі – зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазіргі жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық – тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды.
Отбасының қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің маңызды міндетті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата – аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет. Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де
бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады.
Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдін не болмаса ерінің бірге тұратын туыстары, немере - шөберелерден тұрады.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық. Бала санына байланысты 4 түрі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2. Орташа (екі балалы ) 3. Бір балалы; 4. Баласыз отбасылар.
Отбасы әр түрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына қарай, табысына қарай да отбасы жоғары, орта, төмен болып бөлінеді.

  1. Отбасының типтері. Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.

Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі.
Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ.

  1. Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамнының қалыптасуы мен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы – кіші әлеметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл ірге тас үйленумен құрылды.
Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осындай іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меңшіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногомиялық (бір некелік) отбасы мен ауысады.
Принципінде отбасы – тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дің, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі.
Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әртүрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық – экстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет. Сондықтан да қоғам некелік - отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата – аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.
Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сыйпаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет – ғұрыптары, әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.
Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасының қызметі деген түсінік оның қоғаммен қатынасының жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық - әлеуметтік құрылымның негізі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Отбасының қызметі оғамдық – тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет