Егер сіздің жасыңыз студенттердің көпшілігінен біршама үлкен болса, онда қатарластарыңыздың саны ата-аналарыңызға қараганда аз. Бұл сізге қалай эсер етеді? Ата-анаңыз бен олардың замандастары зейнетке шығып жатқандағы ықпалы қандай және сіз зейнет жасына жақындағанда қандай болады?
Өзіңіздің қаржысыз бен ресурстарыңыз, сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар мен шығындар жайлы ойланып көріңіз.
Өзіңізді дамуы баяу әлемде қарқынды өсіп келе жатқан мемлекеттің Қаржы минисгрі ретінде елестетіп көріңіз. Сіздің міндетіңіз – отандастарыңыздың барынша басым бөлігінің өмір сүру деңгейін айтарлықтай
жақсартуға мүмкіндік беретін саясат немесе бағдарлама әзірлеп, жузеге асыру. Не істер едіңіз?
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтанулық теориялар.- Алматы:
«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, Алматы 2018 ж.- 285 бет.
Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж. – 464 бет
Jary D., Jary J. Collins dictionary of Sociology. 2 edition. – Glasgow: HarperCollins Publishers, 2014. - 774p.
John Scott and Gordon Marshall. A Dictionary of Sociology (4 rev. ed.) Oxford University press. 2015. - 880p.
Әбдікерова, Г.О. Әлеуметтану, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 132б.
Әбдірайымова Г.С. Жастарсоциологиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 166б.
МОДУЛЬ 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН
ӘДІСТЕМЕСІ.
ДӘРІС. ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты: Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру талаптарын студенттерге нақты зерттеулер незінде түсіндіру.
Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты. Әлеуметтанудың теориясы мен әдіснамасы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік тарапынан мақұлданған болып табылады:
Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
Зерттеу болжамдарын ұсыну.
Зерттеу жоспарлары.
Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау .
Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.
Кез келген ғылыми зерттеу секілді әлеуметтану тұрғысынан зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгісіздеген шектес “жерден” басталады. Өйткені, қандай да бір шамада белгілі нәрсе жөнінде қайтадан зерттеу жүргізудің мәні жоқ болса, тура сол сияқты, зерттеушіге белгісіз нәрсе оның қызығушылық нысаны бола алмайды. Демек,
проблемалықжағдайбелгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Сондықтан әлеуметтану проблемасын ғылыми тұрғыдан әлеуметтану жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықтай алады (яғни алдыңғы тараудың соңында баяндалған алғашқы екі талапқа сәйкес келетіндер). Әлеуметтану жөніндегі қазіргі әдістемелік әдебиеттерде әлеуметтану проблемаларын екі типке: ғылымипроблемаларға (олар жауаптары әлеуметтанушы-ғалымдарды ғана қызықтырмайтын әлеуметтану ғылымының ішінде пайда болады) және тәжірибелік проблемаларға (мәселені шешу үшін әлеуметтанушы-зерттеушілер шақырылатын өмір тәжірибесінің әр түрлі салаларында пайда болады) бөлу жиі кездеседі.
Ғылымпәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Әлеуметтанушы-зерттеушінің нақ базалық әлеуметтанушылық (пәндік) білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда әлеуметтану проблемасының өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі. (Соңғы жағдайда инженердің әлеуметтану проблемасының мәні жөнінде нақтылы ештеңе айта алмайтындай, әлеуметтанушы да еш нәрсе түсінбейді). Әлеуметтанушының мұндай базалық білімі зерттелетін әлеуметтану проблемасының пәндік саласының мазмұнын анықтайды. Әлеуметтанушының әлеуметтану пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әлеуметтанушыға зерттегісі келетін және зерттеу соңында қол жеткізуге тура келетін аталмыш проблемалық жағдайдағы белгілі нәрсені түсінуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.
Әлеуметтанутұрғысынанзерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Егер әлеуметтану тұрғысынан зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.
Әлеуметтанутұрғысынанзерттеулердіңміндеттері нәтижесінде әлеуметтанушы әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.
Мынадай мысал келтірейік: қайсыбір жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін көтеру мүлдем қолдан келмейді дейік. Жоғары оқу орнының
басшылығы бұл проблеманы шешу үшін әлеуметтанушыларды көмекке шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына жатады. Бұл жерде әлеуметтанушылардың әрекеттері келесідей: олар басшылықпен бірге “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру” деген тақырыпты анықтай алады. Зерттеу тақырыбында проблемалық жағдайдың өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, әлеуметтанушылар да бұл мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай жағдайда әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаты осы оқу орнындағы студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады. Зерттеудің міндеті әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің нақтылы әдістерін пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып табылады.
Іріктеужиынтығынесептеу.Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратты анықтап алу қажет.