түршігу, кенеттен торығу,қамығу.Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу
процестерінің өте күшті болуымен байланысты.
Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда
болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл
—адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті
адам мұндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де
ойланып істейді. «Ар
ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле
көрмек Ашу дұшпан, ақыл-дос, ақылына –ақыл қос»
мақалдардың
тағылымдық маңызы ерекше. Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы
ауруға шалдыққан адамдардың аффектерін (патологиялық аффекттер) ажырату
қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының
байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі
кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу
адамның жеке басын
тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе. Дені сау адамдардың аффектісінен
психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффектерін (патологиялық
аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты
орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің
реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке
басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда
Достарыңызбен бөлісу: