Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет20/68
Дата27.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#130222
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Эстетикалық сезімдердің мазмұнын да қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар
билейді. Н.Г.Чернышевский мұны төмендегідей әсерлі сөздермен жақсы
түсіндірген: орыс шаруасы өзінің жұмыстан пайда болған күсті қолын, жуан
білегін, мығым денесін, кең жауырынын мақтан етсе, дворян бикештері
өздерінің сыңқылдап наздануын, ақ саусағы мен бұраң белін, қиылған қасы мен
бұраң белін, қиылған қасы мен оймақтай аузын, ерекше нәзіктігін, еңбекті
сүймейтіндігін мақтан етеді. Н.Г.Чернышевскийдің айтып отырған сұлулық
жөніндегі пікірлері қарама-қарсы екі таптың өмірге көзқарасы. Сөйтіп, өмірдегі
сұлулықты, көркемдікті барлық адам бірқалыпты сезінбей, әркім өзінің таптық
тегіне, тарихи дәуірге, нақтылы тарихи жағдайға сәйкес сезінеді.
Жоғары сезімдердің бұдан басқа бір түрі — интеллектік сезімдер.
Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз
байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге
құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау
т.б. сезімдер жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
адамға зор ләззәт беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.
«Адамның көңілі шын мейірленсе,—дейді Абай,—білім-ғылымның өзі
де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі». Жүрдім-бардым үйренетін
адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені, ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет
етеді. Интеллектік сезімдер адамның сана-сезімінен орын алса, кісінің
шындықты аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін
күреске белді бекем байлайды.
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талап-тандыратын бір түрткі
болатындығы.мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен
тарауларда айтылды. Қез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не
жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі
мотив — оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі
мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар
қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек
танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны
қажетіне орай өзгергісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке
түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі
топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат
қойылмайтын қозғалыстар: қөздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т. б.),
екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені
көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы



сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа


бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат
қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-
козғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.Сонымен
ерік дегеніміз - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті психикалық
әрекеті алдына қойған мақсатын орындауғе байланысты түрлі ішкі-сыртқы
кедергілерді жеңе білгеннен жақсы байқалады. Мәселен, үйқы басып төсектен
тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін туру керек. Бұл жағдайда ішкі
кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жену керек
болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (баска
адамдардын кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т. б.), бұларды да жеңіп
отыруымыз қажет. Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан.. Тек
енбек ету арқылы ғана адам амалдарын кимылдарын көрсетіп, түрлі қажетте-
рін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған
ортасынын, яғни сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарынын, әсер етуінен
көрінеді.Адам бір түрлі жағдайда ар қилы, эр түрлі жағдайда бір қилы әрекет
жасайтыны мәлім. Біз көп адамдардан «не тілесем, соны істеймін» деген сөзді
жиі естиміз. Қейбір философия мен психология ғылымдарының өкілдері
осындай жеке пікірперге тас кенедей жабысып:«Адам не істеймін десе де
ерікті, өз қылығына өзі қожа»дейді. Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік
ешбір. Себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармен байланысы
жоқ рухани өзінше пайда Болған күш, - дей адамның барлық әрекеті, мүның
Ішінде еркіде, нактылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға
байланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп, ерік қимылдарын
өзінен-өзі гіайда болмайИтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына
байлшінысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысынын бірі болып
есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.
Еріктің физиологиялық механизмі де ми қабығының рефлекстік
табиғатына жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен ерікті
қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа
бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз
қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара
қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М. Сеченовтен
кейін зерттеген И.П. Павлов болды. И.П. Павлов және оның шәкірттері басқс
анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да
түрлі тітіркендіргіштермен уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін
көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған
уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз
ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып,
тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары
іштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл
қозғалыстың «басталу белгісі». Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір
тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын
реттестіреді. Қозғалыс анализаторының нерв клеткалары мидың орталық
сайының алдыңғы жағына орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы
алып нерв клеткалары бар. Бұлар нерв талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық



еттерімен байланысып жатады. Қозғалыс анализаторын құрайтын нерв 


талшықтарын пирамидалық жол деп атайды. Пирамидалық жолдың
қызметіне зақым келсе, адамның қимыл- қозғалысының берекесі кетеді,
мұндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкін.
И.П. Павлов «...еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің 
барлық заңына бағынатын шарты ассоциативтік процесс» деп ерікті мидың
уақытша байланыстар принципінің заңыны орайлас түсіндірді.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз- еріктің ең қарапайым түрде
сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға
үйрене бастауда, өзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды
тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау- бірінші
жәнеекінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның
психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Ал
дәл мағынасында ерікті амалдар ішкі немесе сыртқы кедергілерді жеңуге
байланысты көрініп отырады. Мәселен, адам жазу үшін стлодың үстіндегі
қарындашты қол созып алады. Әрине, бұл да саналы және белгілі мақсатқа
бейімделген әрекет. Осы сияқты әрекетті ешкім нағыз ерікті әрекет деп
ойламайды, олай дейтін себебі, бұл жерде ешқандай да кедергіні жеңу
байқалмайды. Ерік амалы байқалғанмен, оның көрінісі өте болмашы, мұндағы
ерік көбінесе адам елемейтін дәрежеде білінеді. Сондықтан да шын
мағынасындағы ерік амалдары бірнеше күрделі қозғалыстардың (тіпті,
ойланып істелген қылық болса да ) жиынтығы болып табылмайды. Сөйтіп
адамның дәл мағынасындағы ерікті амалы, біріншіден, әрбір адамның өзін-өзі
билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан көрінсе; екіншіден, оның
түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын
орындап, істі мұқият тындыруынан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет