астында, елсіз аралдарда қалғандар, жеке камераға қамалғандар т.б.) дәлел
болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын
жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын
аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді
«Дзен»
деп атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ
адамның денесі мен рухани жағынан дамып жетілу жолындағы күрделі
қиындықтарды жеңуге тура келеді. Бұл сынақ бойынша адамның ешкіммен
қарым-қатынас жасауына тыйым салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз даланың
үңгірінде тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде
«Моритао»
делініп, адам өзімен-өзі тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай
жағдайда адамның рухани дамуы тежеліп, жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін
тататын болады.
Тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй
кешіп, кез-келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде одан орасан зор ләззат алып,
жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын көрінеді.
Бұл жайттардан біздер адамның кез-келген іс-әрекетінде тілдесіп сөйлеу,
қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар әрекет екендігін тереңірек
ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасамаса, онда оның
өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді
Қарым-қатынас іс-әрекеттің тиімді болуының маңызды факторы болып
табылатындығы туралы ХІХ ғ. аяғында француз физиологы Фере, ал кейіннен
Ф. Олпорт ашқан еді. В. Меде мен В.М. Бехтерев И.Н. Лангемен бірігіп
Достарыңызбен бөлісу: