сөйлеуді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізуге жеткілікті көңіл
қоймағандықтарының салдары.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда адамзат тарихында көп кейін
пайда болды. Ол кеңістік пен уақытқа қатысты алшақ ораласқан адамдар
арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктердің нәтижесі ретінде пайда
болды және пиктографиядан дамып шықты (ол кезде қазіргі жазу пайда
болғанға дейін ойлар шартты схемалық суреттер арқылы берілді, мыңдаған
сөздер бірнеше ондаған әріптердің көмегімен жазылды).
Жазу арқылы адамдардың жинаған тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа қолайлы
түрде жеткізу мүмкін болды, өйткені оларды ауызша сөйлеудің көмегімен беру
кезінде ол бұрмалануы, өзгеруі, тіпті ізсіз жоғалып кетуі мүмкін. Жазбаша
сөйлеу ғылымда пайдаланылатын күрделі таңдауларды дамытуда, көркем
бейнелерді беруде маңызды рөл атқарады. Жазу мен оқу мектепте баланың
ақыл-ой горизонтын кеңейтеді және білімдерді меңгеру мен хабарлаудың
маңызды құралы болып табылады. Жазбаша сөйлеуді пайдалану барынша
дұрыс тұжырымдамалар жасау, логика мен грамматика ережелерін қатаң
сақтау, ой мазмұнының терең болу қажеттілігін туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: