жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері - әсер етілетін
обьект, «пассивті» обьект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте, мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиын-
қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет. Мұндай қарым-
қаитынастың орынсыз, этикаға сыймайтын кездері де болады: өте жақын
адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция – қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын
жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-
қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды
болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз.
Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық
қарым-қатынас деп сипаттауға болады. А.А. Ухтомскийдің айтуынша, адам өз
маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды.
Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі
– диалогты қарым-қатынас.
Диалог – тең құқылық, субьективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара
танып-түсінісу, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты
қарым-қатынас жасау қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: