Модуль сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл негіздерінің ҰҒымы, тарихы және оның Қазіргі уақыттағы жай-күЙІ, себептері тақырып сыбайлас жемқорлық ҰҒымы және пайда болу тарихы


Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі28,9 Kb.
#19030
1   2   3
Байланысты:
lektsii opk

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алу-шының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жем-қорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы


Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері

Қызметтік бабын өз басы-ның пайдасына пайдала-нушы субъект

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық

Саяси сыбайлас жемқорлық



Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы

Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді.

Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.



Пара беруші субъект

Жеке адам парасы (кез келген азамат)

Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)

Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар)


Параның түрі

Ақшалай пара; Қызмет көрсету

Пара берушінің пара беру мақсаты

Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс)

Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады)

«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» )


Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі

Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді).

Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)



Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың таратылу деңгейі

Биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортаңғы сатыларында)

Биліктің жоғарғы сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және саяси қайраткерлер)

Халықаралық сыбайлас жемқорлық (шаруашылық қарым-қатынас саласында)


Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі

Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық;

Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық;

Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық ).




  1. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы


Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихын саралайтын болсақ. Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі ретінде– Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдарын келтіруге болады (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).

Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс.(Слайд 1) § 6. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс».

Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағын білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды.

Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді.(2-3 слайд) Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп атаған.

Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен.(4 слайд) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп санаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы – бұл заңдар және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба алмайтындай етіп құру керек».

Кейіннен Гегель былай деп атап көрсетті: «Афинада әрбір азаматтың қандай қаражатқа өмір сүретіні жөнінде есеп беруге міндеттейтін заң болған, ал қазіргі кезде бұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс дейді».

Рим құқығында «сыбайлас жемқорлық» заң нысанын иеленді. Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын – XII кестелер Заңын (біздің эрамызға дейінгі V ғасыр, латынша leges duodecim tabularum) келтіреміз, онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада пайдаланылады: «Сот ісін жүргізу кезінде (істі талқылау үшін) тағайындалған және осы іс бойынша ақша сомасын алған деп айыпталған судья немесе делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе? деп айтылған».

Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік, канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және «күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды. Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) еңбектерінде сыбайлас жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол асқынып кеткенде, анықталуы оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған.(5 Слайд)

Ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Т. Гоббс (1588–1679 жж.) «Левиафан» атты еңбегінде (1651 ж.) былай деп жазады: «Өз байлығына былыққан адамдар қылмыстарды батыл жасай береді, себебі олар мемлекеттік әділетпен сыбайласу арқылы жазадан қашып құтыламын немесе ақшаға не басқа да сыйақы түрімен кешірім аламын деп үміттенеді». Гоббс бойынша сыбайлас жемқорлық «барлық уақытта да және кез келген қызықтырып азғындау кезінде барлық заңдарға деген жек көрушілік туындайтын тамыр» болған. XVII ғасырдың ортасында жасалған осы тұжырым ХХІ ғасырда да өзекті болмақ.

Неміс философы М. Вебер (1864-1920 жж.) сыбайлас жемқорлық туралы ұғымның дамуына өз үлесін қосты. «Саясат міндет және кәсіп ретінде» (1919 ж.) еңбегінде ғалым саясаттан өзінің кәсібін және міндетін жасаудың екі тәсілін бөліп көрсетті: «не саясат «үшін» өмір сүру, не саясат «есебінен» өмір сүру... Саясат «есебінен» кәсіп ретінде оны тұрақты табыс көзіне айналдыру тырысатындар, ал саясат «үшін» өзге мақсатты көздейтіндер өмір сүреді». Вебер парақорлық пен сыбайлас жемқорлық орта ғасыр қоғамына тән әкімшілік аппараттың ажырамас қасиеті деп санады.

Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған. Әль-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай орналасуы қажет деп санаған. ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама мен нашар шенеуніктер деп көрсеткен.

Бұл – ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға шақырғанын, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномен ретінде нақты және сыйымды анықтамасын табуға тырысқанын және ғылымда танымал үлгілерден сыбайлас жемқорлық дендеген қоғам мемлекеттік және халықаралық институттарының беделін түсіретінін ескерткенін көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет