Модуль№4 «Оқыту технологиялары»


«ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ» КУРСЫ



бет3/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
zhmzht keshen-3

«ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ» КУРСЫ


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Магистратурада оқылатын «Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы» курсы бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету барысында оқытылып отыр. «Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы» курсы қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерімен таныстырады, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйретеді. Жаңа заман талабына сай білім берудегі реформалардың міндеті – қазіргі заманның ағымына сәйкес ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, болашақ ұрпаққа ұсыну.


Аталмыш курстың мақсаты ана тілімізді оқытуда жоғары білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптарын, оқыту ерекшеліктерін анықтап, тұтас педагогикалық үдерісте қазіргі заман дамуымен үндесіп жататын әдістеме табиғатын зерттеу болып табылады. Жоғары мектеп маманы ретінде магистранттар білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптарын, оқыту үдерісінің ерекшеліктерін, тұтас педагогикалық үдерістегі әр бір жеке пәннің орнын тани білуі қажет. Жаңа технологияларды қолданудың әдіс – тәсілдерін меңгеру арқылы, магистранттарды өзіндік ізденіс пен шығармашылыққа үйрете отырып, отандық және шетелдік озық тәжірибелерді талдай, салыстыра, бағалай, магистранттардың теориялық ойлауын, креативтік қабілеттерін дамытуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға бағыт беру көзделеді.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
КІРІСПЕ


ЖМҚТОЖТ –қазақ тілін оқыту үдерісінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. ЖМҚТОЖТ пәнінің мақсаты мен міндеттері. ЖМҚТОЖТ қалыптасу жолы мен даму тарихы. ЖМҚТО жаңа технологияның оқу әдістемесін дамытуға тигізетін ықпалы
ЖМҚТО ғылыми негіздері. ҚР «Білім туралы», Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсат-міндеттері. ЖМҚТ оқытудың педагогика-психологиялық және дидактикалық негіздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет