73 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ
Модульдік технологиясы бойынша
оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Дайындаған:
Б.Қ.Исаинова.
М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша
оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда
аймақтық компонентті пайдалану.
«Қазір біз жаңа XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз . Болашақта өркенниетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш , өз елін туған жерін сүйетін ұлтжанды , патриоттық интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді еш уақытта естен шығармауымыз керек.»- дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев. (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030»)
Оқушыларға еліміздің аяқ асты пайда болған бір мемлекет емес,көне заманнан бері еркіндікке ұмтылған , ар намысы бар, ұшқыр ойлы жандардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан мекен екенін; елін ,жерін қорғай алатын ұлдары бар « қазақ»-деген ер халықтың бүгінгі ұрпағы «Қазақстан» деген еліміздің ұлы бабалар ісіне лайық ұландары, бойына дәстүр-салтын сіңірген инабатты қыздары бар ұрпақ екенін қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері аймақтық компонент арқылы жеткізе алары хақ.
Аймақтық компонент, С.И. Ожеговтың сөздігінде белгілі бір жердің құрамы,-деп берілген.
Аймақтық компонент дегеніміз-мектеп курсындағы пәндердің бағдарламасының мазмұнына Қазақстан облыстарына байланысты материалдарды енгізу және оқыту.Оған өлкеміздің табиғаты, тарихы географиялық жағдайы,тұрғылықты халықтың ұлттық құрамы, ұлы адамдардың өмір жолдары, халықтың тұрмыс-салты, белгілі спортшылармен таныстыру шаралары жатады.
Аймақтық компонентті оқытудың мақсаттары:
1.Оқушылардың бойында туып өскен жеріне, туған жердің табиғатына, мәдени орындарына, тарихына деген құрметті арттыру.
2.Белгілі адамдарына деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлтжанды патриоттық сезімдерге бай ұрпақ тәрбиелеу.
3.Оқушылардың осы қосымша мәліметтер алуы арқылы танымды біліктіліктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу.
Аймақтық компонентті оқытудың міндеттері:
Өз еліміздің табиғаты, тарихы, пайдалы қазбалары, мәдени орындары, белгілі адамдары туралы мәліметтер жинақтау, өз еліміздің намысын қорғайтын патриоттар дайындау.
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» екінші тілді оқытуда сөйлеуге үйретуді негізге алады. Осы орайда мен өзім беретін сыныптарда осы технологияны қолданамын.Бұл технологияның ерекшелігі оның білімді меңгеруі, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есіту, көру, қимыл т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ, тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым –қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.( М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»)
«Модуль дегеніміз –қандай да бір жүйенің ,біршама дербес бір бөлігі « (С.И.Ожегов)
Ал, «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі .
М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1.Кіріспе
2.Сөйлесу
3.Қорытынды .
Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді ,ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.
1.Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды жалпы модульдің мақсат,міндеттерімен таныстырады. Мен де өзім сабақ беретін сыныптарда оушыларды сызба, кеспе үлгілеріне сүйене отырып лексикалық және грамматикалық тапсырмалармен таныстырып отырамын.
2.Сөйлесу бөлімінде әр оқушымен оқу матиралдарымен жұмыс істей отырып, оқушылардың өз қабілетін , ынтасын, есін (қабылдауын) ауызша, жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік беремін. Оқушылардың танымдық процессін арттыру үшін, оларды 5-6адамнан шағын топтарға бөліп, әрбір оқушыға әр сабақта 3 күрделілеу деңгейдегі берілген оқу материалын тыңдау, жазу және айту мүмкіндігі болатындай етіп құралған оқытуды ойын түрінде және әр түрлі жеке, топтық, жұптық жұмыстардың белсенді формаларын ұйымдастырамын.
Сөйлесу бөлімінің екінші сабағынан бастап оқушыларға стандарт талабына сай сараланған деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылар сол тапсырмалар бойынша жұмыс істейді.
Мысалы:3-деңгей төменгі, 2-деңгей орташа, 1-деңгей білімі жоғары білімді оқушы-ларға арналады.Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, бірін бірі бағалау әдістері пайдаланады.Дарынды балалар сабақта міндетті түрде, үнемі аса жоғары күрделірек деңгейде жұмыс істейді, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.Көшбасшылық (лидерлік) қабілеттері бар оқушылар «кеңесшілер» немесе «топ жетекшісі» рөлдері арқылы өздерін танытады.
Жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 2-ші және 1-ші тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды.Білім деңгейі орташа сыныптарда 3,2 тек кейде ғана 1-деңгей тапсыр-малары таңдалады.Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте 3-деңгей (жеңілдетілген стан-дарт) тапсырмаларымен жұмыс істеуден бастайды.Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтар-ында сөйлесуді қамтамасыз ету үшін тілдік орта болу жағдайларын жасап, оқушылардың қызығушылықтарын артыру мақсатында оқыта-үйрету ойындары жүргізіледі.
Модульдің 3-ші бөлімі қорытынды бақылау бөлімі.Мұғалім оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың бірнеше түрлерін ұйымдастырады.Олар:
1.Тест
2.Диктант, мазмұндама, шығарма
3.Нәтиже сабақтары (Сайыс, әр түрлі интеллектуалды ойындар).
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда қазақша сөлеуге үйрету негізгі мақсат болады да, жұмыс осы мақсатқа сай ұйымдастырылады.Осы жұмыстардың негізгілеріне сөйлеу жаттығулары жатады.И.А. Грузинскаяның «Методика преподования английского языка» (М.1947) деген еңбегі ғылымда танылып жүр.Шетел тілін оқыту әдестімешілерінен М.А. Бахарева (ойды түгел жеткізу), И.Д. Салистра «Жаттығуларды топтастыру» (первичные, предречевые, речевые) мәселесін шешу, зерттеу, анықтау ісімен шұғылданады.Ал М.С.Ильин жаттығуларды сөйлеуге дейінгі жаттығулар, сөйлеу жаттығулары деп бөледі.
Жаттығулар ғылымда екіге бөлінеді.Оны жаттығулар кестесінен көруге болады.
Тілдік жаттығулардың міндеті – тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту, тілдік тұлғаларды дұрыс, ойланбай қолдану дәрежесіне жеткізуді көздейді.
Адам сөйлеуінде қолданылатын тілдің нұсқалары – дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің тілді оқутыдағы негізгі мәселелері екендігі анық. Тілдік жаттығулар ол тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Мысалы: тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді.
Ал, сөйлесу жаттығуы тілдік материалдары керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алуын көздейді. Оған: сұраққа дұрыс жауап беру; өзі сұрақ қоя білу; тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану; тақырып бойынша мазмұндама, шығарма жазу; сурет арқылы әңгімелеу; оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелету; мақал-мәтелдерді сөйлеуде дұрыс қолдануға жаттықтыру; тақпақ, өлең айтуға, ән салуға үйрету жатады.
Тілдік жаттығуларды сөйлеуге үйрету, сөйлеудің алғашқы дағдысын қалыптастыру ретінде түсінуді Н.Оралбаева, К.Жақсылықовалардың авторлығымен шыққан оқулық «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбектен анық көруге болады. («Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» Н.Оралбаева, К.Жақсылықова)
М.Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда аймақтық компонентті пайдалана отырып, әр тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіремін. Тірек-сызба мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, әрі оқушыларды осы тірек-сызба арқылы өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге көмектеседі, яғни сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Мысалы: «Біздің қала. Біздің ауыл» деген лексикалық тақырыпта тірек-сызба арқылы жоғарыда айтылған тілдік және сөйлесу жаттығулары арқылы түсіндіремін. (Қайырбекова А., Барақова Қ. «Қазақ тілі әдістемесі»).
Сабақтың соңында Венн диаграммасы арқылы бекітемін.
«Ақын-жазушылар» тақырыбы бойынша «Саяхат» сабағын өткіздім. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.Әр топ өз таңдаулары бойынша ұпайлардың артындағы сұрақтарға жауап береді.
І. Кісі есімдері
|
ІІ. Өмірдерек
|
ІІІ. Шығармалары:
|
І. Кісі есімдері.
1.1845 жылы Семейде дүниеге келген ұлы ақын. (Абай)
2.Абайдың талантты шәкірті . (Шәкәрім)
3.«Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов)
4.Өзі ақын,өзі ойшыл, скрипка мен домбыра жасаған шебер кім? (Шәкәрім)
5.«Қара сөздер» жазған ақын. (Абай)
ІІ. Өмірдерек
1.Абай қай жылы, қайда дүниеге келді? (1845, Семейде)
2.Шәкәрім қай жылы, қайда дүниеге келді? (1858, Семейдегі Шыңғыстау болысы)
3.М.Әуезов қандай романы арқылы қазақ халқын бүкіл дүние жүзіне танытты? («Абай жолы» романы).
4.Абайды кім тәрбиеледі? (Әжесі Зере, шешесі Ұлжан)
5.Шәкәрім қай қалалардың кітапханаларында болды? (Медине, Мысыр, Стамбул).
ІІІ. Шығармалары:
1.«Ақ киімді денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды ...» мына өлең үзіндісі кімнің шығармасынан және ол қалай аталады? (Абай «Қыс»)
2.«Насихат» кімнің шығармасы және ол жастарды неге үндейді?(Шәкәрім; білімге ғылымға, өнерге)
3. «...Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар.Сонан қашпақ керек:әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық деп білесің...» бұл Абайдың нешінші қара сөзі? (38)
4.Мұхтардың қандай шығармаларын білесің? («Абай жолы», «Көксерек».)
5. Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты аударған ақын (Абай)
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында өзара коммуникативтік қарым-қатынас жасау үшін міндетті түрде әр сабақта М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша жүргізілетін оқыта – үйрету ойындарын қолданамын. Оған «Өз жартыңды тап», «Мені түсін», «Сандарды есте сақтау», «Сиқырлы сандықша», «Тұлғаны тани біл», «Сөз жарысы», «Білімпаздар», «7 –ғажайып сан» ойындары жатады.
Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау , топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдістерін пайдаланамын. Оны төмендегідей бағалау парақтарынан көруге болады.
1.БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқушының
аты-жөні
|
№1
I деңгей
|
№2
IІ деңгей
|
№3
IІІ деңгей
|
Қорытынды
баға
|
1.
2.
|
|
|
|
|
2. БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Топ
|
Сөздік жұмысы
|
Сөз тіркестерін құрау
|
Сөйлемдер құрау
|
Грамматикалық
тапсырма
|
Сұхбат құрау
|
Әңгімелесу
|
Бар
лығы
|
1.
2.
3.
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорыта айтқанда, мен сіздерге ғалым М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» арқылы аймақтық компонентті сабақтарыңызда қолдануды ұсынамын.Бұл технологияны қолдануда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптарыстуда аймақтық компонентті пайдаланудың рөлі зор.Бұл әдіс оқушыны ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке, өз бетімен білімін жетілдіруге баулып, шығармашылық қабілетін дамытады.Сонымен баяндамамды ұлы кемеңгер Абай сөзімен аяқтаймын «Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден құрмет күтпе».(Абай Қ.)
Қолданған әдебиеттер:
1. Артықова Т., Төлеуова М. «10-сыныпқа арналған қазақ тілін оқыту әдістемесі»-Алматы, 2006 ж.
2.Бахарев М.А. «Ойды түгел жеткізу»-Москва, 1998 ж.
3.Грузинская И.А. «Методика преподавания английского языка»-Москва, 1997 ж.
4. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы»-Ақтөбе, 1999 ж.
5. Қайырбекова А., Барақова Қ. «4-сыныпқа арналған қазақ тілін оқыту әдістемесі»-Алматы, 2004 ж.
6. Назарбаев Н.Ә. «Қазақсатан-2030» бағдарламасы-Астана, 1997 ж.
7. Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі»-Алматы, 1998 ж.
8.Салистра И.Д. «Жаттығуларды топтастыру»-Москва, 2000 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |