Шайқурайдың препараттары: Сонымен қатар, Шайқурай - Шайқурайдың қоюлатылған экстракті:
5. Түркістан сасық шөбі. Пустырник Туркестанский. Leonurus turkestanicus V Krecz et Kuprian. Ерінгүлділер тұқымдасы.
Түркістан сасық шөбі. Leonurus turkestanicus V Krecz et Kuprian.
Медицинада қолданылуы.
түркістан сасықшөбі препараттыңың тыныштандырғыш қасиеті бар;
жүректің жиырылуының темпін басады;
артериальдық қысымды төмендетеді;
жүйкенің қозуын емдеуге қолданады.
Өзінің тыныштандырғыш қасиетімен -
валерианадан артық және тыныштандыратын шәйдің құрамына кіреді.
Нақтырақ айтқанда сасық шөп препараттары:
жүрек қантамыры неврозына,
жүректің демікпелі ұстама ауруында (стенокардия),
жүректің еттерінің қатаюна,
жүрек бұлшық етінің қабынуы (миокардит),
бас айналуы, жүрек әлсіздігі ауруларына дәрі.
6. Polygonum persicaria L. Айланшөп таран. Polygonaceae Juss. Тарандартұқымдасы.
Polygonum persicaria L. Айланшөп таран.
Айланшөп таран өсімдігінің ұнтақталған шөбінің 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салады да, 15 минут тұндырады.
Дәріні сүзіп алып екіге бөледі де, бір күнде тамақтан кейін екі рет ішіп тауысады. Емдеу мерзімі 3 апта.
Айланшөптің тұнбасын жатырдан және геморрой кезінде қан кеткенде,
етеккір келгендегі ауырсынғанда қолдану: 2 ас қасық шикізатқа 500 мл қайнаған су құямыз да 1-2 сағат тұндырып қоямыз. Күніне 3-4 рет 3 ас қасықтан тамаққа ішуге 20 мин қалғанға дейін ішу керек.
созылмалы іш қату болғанда қолдануға ұсынылған.
Жатырдан қан кеткенде өсімдік экстрактын қолданады. Қайнатпасы және тұндырмасы гемаррой салдарынан қан кеткенде қолданылады. Айланшөп препараттары комплекстік терапияға атониялық іш қатуды емдеуге ұсынылған.
айланшөп таран қайнатпасы және тұндырмасының қан тоқтататын, қанның жабысқақтығы және ұйығыштығын арттыратын және тегіс бұлшық еттің жиырылуын жоғарылататын қасиеттері бар.
Сонымен қатар өсімдік препараттарының несеп айдайтын, қабынуға қарсы, іш айдағыш қасиеттері бар.