Медицинада қолданылуы: Өсімдіктің жер үсті мүшелері - Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: Өсімдікті маталарды сары түске бояу мақсатында қолданады. Таралуы. Айланшөп таранның таралу ареалы өте кең. Барлық континенттерде кездеседі деуғе болады. Ылғалды жерлерде өзен, көл, тоған жағалауларында ормандарда, далада кездеседі. Қазақстанда ылғалды, шалғындықта, суқоймалары, өзен, бұлақтардың жағасында кейде егістікте саз жерлерде өседі.
Химиялық құрамы.Айланшөп таран шөбінің құрамында эфир майы (0,1%), илік заттар, флавоноидтар (негізгілері - гиперозид авикулярин, кверцитин), шырыш, филлохинол, галл, май және уксус қышқылдары, балауыз, пектинді заттар (5,4%), Р дәрумені аскорбин қышқылы, тамырында антрохинонды қосылыстар бар екендігі анықталған.