Планиметриялық фигуралардың қоршаған орта мен өмірде қолданылуы;
Математикалық сауаттылықта планиметрия бөлімі бойынша контексттік есептерді шешу жолдары.
Планиметрия (лат. planum — жазықтық және metreo - "өлшеймін") — элементар геометрияның жазықтықта жатқан фигуралардың қасиеттерін зерттейтін бөлімі. Әдетте Планиметрия деп орта мектепте оқылатын геометрия курсының бір бөлімі түсініледі. Планиметрияның мазмұнын ертедегі грек ғалымы Евклид айқындаған және оның баяндалу тәсілін жасаған. Планиметриямен зерттелген фигуралар:
- Параллелограм (ерекше жағдайларда шаршы, тіктөртбұрыш, ромб)
- Трапеция
- Шеңбер
- Үшбұрыштар
- Көпбұрыштар
1 кесте – Үшбұрыштар
Үшбұрыш депбір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді жұппен қосатын үш кесіндіден тұратын фигураны атайды.(1 суретке қараңыз) Мұндағы, қабырғалары, биіктігі, жарты периметр, үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер.