Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет113/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

көптеген 
биологиялық 
молекулалардың биосин- 
тезіне 
қажетті 
алғызат 
молекулаларды түзеді. Осы 
суретте өнім ретінде көр-
сетілген амин қышқылдары, 
нуклеотидтер, 
липидтер, 
қанттар мен басқа моле-
кулалар клеткадағы басқа 
макромолекулалардың 
алғызат молекулалары бола-
ды. Диаграммадағы әр қара 
нұсқау жалғыз ферментпен 
катализденетін реакцияны 
көрсетеді; қызыл нұсқаулар 
көрсетілген өнімді түзу үшін 
бірнеше қадамды қажет 
ететін жолдарды көрсетеді.
2.60-сурет. 
Электрон тасымалы реакцияларының көмегімен 
мембрана бойымен Н
+
градиентінің қалыптасуы. Жоғары 
энергиялы күйде сақталатын электрон (мысалы, метаболиттің 
тотығуынан түзілген) А, В және С тасымалдағыштарының көме-
гімен төмен энергиялы күйге ауыстырылады. Осы диаграмма-
да В тасымалдағышы мембранада Н
+
-ті бір шеттен қабылдап, 
екінші шетке өткізу жолында орналасқан. Нәтижесінде H+ 
градиенті түзіледі. Осы градиент энергияның өте маңызды түрі 
болып саналады, себебі ол АТФ түзілуіне қатысатын мембрана-
лық белоктарды қоздырады.


104 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Электрон тасымалы көпшілік клеткаларда АТФ-тің көп бөлігінің синтезін 
жүргізеді
Химиялық энергияның көп бөлігі қоректік молекула ыдырауының соңғы қадамын-
да түзіледі. Осы соңғы процесс кезінде НАДН пен ФАДН
2
қоректік заттар ыдырауы 
барысында қабылдаған электрондарын, митохондрияның ішкі мембранасына еніп 
орналасқан, электрон тасымалдаушы тізбекке береді. Арнайы акцептор мен донор 
молекулаларының көмегімен тізбек бойымен өткен кезде электрондар төмен энергия- 
лы күйге ауысады. Электрондар босататын энергия мембрана бойымен Н
+
иондарын 
(протондарды) митохондриялық компартменттің ішінен (матрикс) мембранааралық 
кеңістікке (кейінірек цитозольге) айдайды да, Н
+
иондарының градиентін қалыптасты-
рады (
2.60-сурет
). Градиент клеткалардың негізгі энергия көзі болып табылады және 
батарея сияқты қызмет атқарады. Осы реакциялардың ең маңыздысы фосфорильдену 
көмегімен АДФ-тен АТФ-тің түзілуі болып табылады. 
Электрон тасымалының соңында электрондар оттегі газы арқылы өтеді де, протон-
дар өздігінен оттегімен қосылып, суды түзеді. Енді электрондар төмен энергиялы күйге 
көшті және барлық энергия тотыққан қоректік молекулалардан алынды. Тотыға фос-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет