Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет111/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.56-сурет
Майлы қышқылдардың ацетил-КоА-ға дейін тотығуы. (A) Цитоплазмадағы липид тамшы-
ларының электрондық микрографиясы. (Ә) Майлардың құрылымы. Майлар триацилглицеридтер 
болып табылады. Үш майлы қышқылы эфирлік байланыс көмегімен байланысқан глицериндік бөлік 
көк түспен белгіленген. Майлар суда ерімейді және маманданған май клеткаларында (адипоциттер) 
үлкен липидтік тамшылар түзеді. (Б) Майлы қышқылдарының тотығу циклы. Цикл митохондрияда 
төрт фермент тізбегімен катализденеді. Әр цикл сайын майлы қышқыл тізбегі екі көміртегіге қысқа-
рады (қызыл түспен таңбаланған) және ацетил-КоА, НАДН пен ФАДН
2
-нің бір-бір молекуласынан 
өндіреді (Daniel S. Friend рұқсатымен қолданылды).
Лимон қышқылы циклы эукариоттық клеткаларда митохондрия ішінде орын алады. 
Осы процестің нәтижесінде ацетил-КоА молекуласындағы ацетил топтарының құра-
мындағы барлық көміртегі атомдарының тотығуы жүреді. Бірақ ацетил топтары тікелей 
тотықпайды. Осының орнына, ацетил тобы ацетил-КоА-дан төрт көміртегілі оксалоа-
цетатқа тасымалданылады да, нәтижесінде алты көміртегілі үшкарбоксильді қышқыл 
лимон қышқылы – түзіледі (осыдан циклдың аты шығады). Лимон қышқылының 
молекуласы бірте-бірте тотығады да, түзілетін энергия көмегімен энергияға бай акти-
вацияланған тасымалдаушы молекулалардың түзілуіне жұмсалады. Цикл сегіз реакция 
тізбегінен тұрады, себебі соңғы реакцияда оксалоацетат регенерацияланады да, жаңа 
циклға енеді (
2.57-сурет
). 


102 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Біз лимон қышқылы 
циклында түзілетін актива-
цияланған тасымалдаушы 
молекулалардың үш түрінің 
тек біреуін ғана талқыла-
дық; НАДН – НАД
+
/НАДН 
электрон 
тасымалдаушы 
жүйесінің тотықсызданған 
формасы. Сонымен қатар
НАДН-тың үш молекуласы-
на қоса, циклдың әр айна-
лымында ФАДН
2
-нің (фла-
винадениндинуклеотидтің 
тотықсызданған формасы) 
бір молекуласы мен ГТФ 
атты 
рибонуклеотидтри-
фосфаттың бір молекуласы 
түзіледі. ГТФ-тің құрылысы 
2.58-суретте
көрсетілген. 
ГТФ АТФ-тің жақын туыс- 
тасы болып келетіндіктен 
оның ұшындағы фосфор 
тобының АДФ-ке тасымал-
дануы нәтижесінде АТФ 
түзіледі. НАДН пен ФАДН
2
құрамындағы 
электрон-
дардың энергиясы тікелей АТФ өндірісіне тотыға фосфорлану процесінің көмегімен 
жұмсала алады. Тотыға фосфорлану процесі тотығу арқылы жүретін метаболизмнің газ 
түріндегі оттегіні қажет ететін жалғыз қадамы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет