Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет128/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Белок компактты конформа-
цияға қалай ұшырайды. Полярлы 
аминқышқылдық жанама тізбектер 
әдетте белоктың сумен әрекеттесетін 
сыртқы бетінде орналасады. Полярлы 
емес аминқышқылдық жанама тізбектер 
судан сақталатын атомдардың гидро-
фобтық ядросында өте тығыз орналаса-
ды. Осы сызбанұсқада 35 амин 
қышқылынан тұратын белок көрсетілген. 
Белоктар ең төмен энергиялы 
конформацияға ұшырайды
Осындай байланыстардың нәтиже-
сінде көптеген белоктар олардың 
құрамындағы амин қышқылдарының ретімен анықталатын үш кеңістіктік құрылымға 
ие болады. Кез келген полипептидтік тізбектің фолдингке ұшыраған соңғы құрылымы 
немесе конформациясы оның бос энергиясын минимализациялаушы күйі болып табы-
лады. Биологтар белок фолдингін пробиркада аса таза белоктарды пайдалана отырып 
зерттеді. Кеңістіктік құрылымға ие болған белокты ковалентті емес байланыстарды 
үзетін кейбір еріткіштермен өңдеген кезде белок денатурацияға ұшырайды немесе ол 
сызықты күйге айналады. Осылай өңдеу нәтижесінде белок өзінің табиғи құрылымын 
жоғалтады. Денатурациялаушы еріткіштен босатқан кезде, белок өздігінен табиғи 
пішініне қайта оралады. Бұл процесс ренатурация деп аталады. Осындай құбылыс 
белок құрамындағы амин қышқылдарында белоктың пішінін анықтайтын барлық қаси-
еттер болатындығын дәлелдейді. 
Көптеген белоктардың клеткадағы конформациясы тұрақты болады. Дегенмен, бе-
лок клеткада басқа молекулалармен әрекеттескен жағдайда оның конформациясы сәл 
ғана болса да өзгере алады. Осындай кішігірім өзгерістердің жиі қайталануы белок 
функциясы үшін өте маңызды.
Белок өзінің қалыпты құрылымдық конформациясына сыртқы күштердің көме-
гінсіз ие бола алады. Клеткада белок фолдингіне арнайы молекулалық шаперондар 
атты көмекші белоктар көмектеседі. Молекулалық шаперондар жартылай фолдингке 
ұшыраған полипептидтік тізбектермен байланысады және оларды энергия жағынан 
тиімді фолдинг жолына бағыттайды. Цитоплазманың молекулаларға толы ортасында 
молекулалық шаперондар жаңадан синтезделген белоктардың гидрофобтық аудандары-
ның бір-бірімен жақындасып, ассоциацияланған белок агрегаттарының түзілуін бол-
дыртпайды. Дегенмен, белоктың соңғы үшкеңістіктік құрылымы оның құрамындағы 
амин қышқылдарымен анықталады: шаперондар қажетті құрылымға ие болу процесін 
жеңілдетеді. 
Белоктардың көптеген құрылымдық түрлері болады. Әдетте, олар 50-2000 амин 
қышқылдарынан тұрады. Үлкен белоктар, әдетте, бірнеше белок домендерінен – 


138 3-тарау. Белоктар
бір-бірінен бөлек фолдингке ұшырайтын құрылымдық бірліктер тұрады. Тіпті кіші 
доменнің құрылымының өзі де күрделі болып келеді. Мысал ретінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет