Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Домен- дердің жиынтықтарынан құрылған созылмалы берік  3.16-сурет



Pdf көрінісі
бет136/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   330
3.16-сурет
). Домен-
дердің жиынтықтарынан құрылған созылмалы берік 
3.16-сурет. 
Белок домендерінің жиынтығынан құрылатын 
ұзарған құрылым. Клетка сыртындағы матрикстегі фибронек-
тин молекуласының төрт фибронектин тип 3 домені (А) таспа 
және (Ә) кеңістіктік модельдерінде көрсетілген (D.J. Leahy, I. 
Aukhil and H.P. Erickson, Cell. 84:155-164, 1996 көзінен Elsevier 
рұқсатымен алынған).


БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
147
құрылымдар клетка сыртындағы матрикс молекулаларының құрамында және клетка 
бетіндегі рецепторлық белоктардың клетка сыртындағы аудандарында жиі кездеседі. 
Домендердің бұлардан басқа кең таралған түрлері болады, солардың ішінде 3.15-сурет-
те көрсетілген крингл домені мен SH2 домені «аша» тәрізді түрге жатады және олардың 
N- және C-ұштары жақын орналасады. Геномдық ауыстырулардан кейін осындай до-
мендер екінші белоктың ілмек ауданына енетін аймақ ретінде қарастырылады. 
Әртүрлі эукариоттардағы домендердің жиілігін салыстыру нәтижесінде протеинки-
назалар сияқты көптеген домендердің жиілігі ашытқылар, өсімдіктер, құрттар, шіркей-
лер мен адамдарда бірдей болатындығы анықталды. Бірақ бұлардан басқа маңызды ерек-
ше домендер де болады. Соның ішінде антигендерді танитын Басты Гистосәйкестілік 
Кешенін (БГК) атап өтуге болады. Адамдарда оның 57 көшірмесі болады, ал жоғарыда 
аталған организмдерде олар кездеспейді. Осындай домендердің эукариоттарға ортақ 
болмайтын арнайы функциясы болады; олар эволюция барысында өте қатаң сұрып-
талудан өтті. Жоғары эукариоттарда осыған ұқсас SH2 доменінің көптеген көшірмесі 
болады; мұндай домендер мультиклеткалылықпен байланысты екені болжалуда.
Кейбір домендердің жұптары көптеген белоктар құрамында табылған
Геномдары белгілі организмдердің негізінде біз домендердің қолданылуы туралы үлкен 
кесте құрастыра аламыз. Мысалы, адам геномында 1000 иммуноглобулин домендері, 
500 протеинкиназа домендері, 250 ДНҚ байланыстырушы гомеодомендері, 300 SH3 
домендері мен 120 SH2 домендерінің ДНҚ тізбектері бар. Осыған қоса, барлық белок-
тардың үштен екі бөлігінде екі немесе одан да көп домендерден тұратындығы және до-
мендердің бірдей жұптары белоктағы ұқсас ауысуларда қайталамалы түрде кездесетіні 
анықталды. Дегенмен, барлық домен туыстастықтарының шамамен жартысы архейлер, 
бактериялар мен эукариоттар үшін ортақ болса да, екі-домендік комбинациялар орга-
низмдердің тек 5%-ында ғана кездеседі. Осындай паттерн екі-домендік комбинация-
лардың эволюцияның соңғы кезеңдерінде домен ауысуларының нәтижесінде пайда 
болғанын дәлелдейді. 
Адам геномы белоктардың күрделі жиынтығын кодтайды және көптеген 
мәліметтердің белгісіз екенін көрсетеді
Адам геномының секвенирленуінің нәтижелері таңғаларлық болды, себебі олар біздің 
геномымыздың тек 21000-ға жуық генін кодтайтынын анықтады. Осы санға сүйенетін 
болсақ, онда біздің күрделілігіміз Arabidopsis сияқты арамшөптен аспайды және жұмыр 
құрттан 1,3 есе ғана күрделірек келеміз. Омыртқалылардың геном тізбегіндегі белок 
домендерінің, шамамен, барлығы дерлік омыртқасыздардан алынғаны анықталды – 
адамда анықталған домендердің тек 7%-ы ғана омыртқалыларда кездеседі. 
Дегенмен, біздің денеміздегі әрбір белок біршама күрделірек келеді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет