ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы 5-
тарау ОСЫ ТАРАУДА ДНҚ ТІЗБЕГІН ҚАЛПЫНДА ҰСТАУ
ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
ХРОМОСОМАЛАРДАҒЫ ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ ИНИЦИАЦИЯСЫ МЕН
ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
ДНҚ РЕПАРАЦИЯСЫ
ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
Клеткалардың ретсіздік қалыптасқан ортада жоғары дәрежелі реттілікті сақтау қабілеті
ДНҚ-ның химиялық түріндегі генетикалық ақпараттың үлкен бөлігін нақты дуплика-
циялау қасиетіне тәуелді болады. Осыған байланысты ДНҚ репликациясы атты процесс
клетка бөлініп, екі бірдей еншілес клеткаларды түзуге дейін орын алуы тиіс. Сонымен
қатар, реттілікті сақтау осы генетикалық ақпаратты қалпында сақтау және оның репа-
рациясын қажет етеді, себебі клеткадағы ДНҚ әрқашанда сыртқы орта немесе клетка
ішінде түзілетін реактивті молекулалар әсерінен зақымдалып отырады. Осы тарауда біз
ДНҚ-ның репликациясы мен репарациясына жауапты белоктық машиналарды қарасты-
рамыз. Осы машиналар клетка ішінде өте шапшаң және мұқият механизмдерді іске асы-
рады және осы механизмдер клетка химиясының эффективтілігі мен бағытталғандығын
көрсетеді.
Клетканың қысқа уақыттағы аман қалуы оның ДНҚ-сындағы өзгерістерді болдырт-
пау болса, түрлердің ұзақ уақыт бойы тірі қалуы ДНҚ-ның көптеген ұрпақта эволю-
циялық бейімделуді қамтамасыз ететін өзгергіштігіне байланысты болады. Клетка өз
ДНҚ-сын қаншама қорғағанымен, тіршілік барысынды кездейсоқ өзгерістер орын алып
отырады. Уақыт өткен сайын мұндай өзгерістер генетикалық түрлілікке әкеле алады.
Осы тарауды біз ДНҚ-ның ұрпақтан ұрпаққа тарауы кезінде орын ала алатын өзге-
рістерге көңіл бөлуден бастаймыз. Сонан кейін клетканың осындай өзгерістерін мини-
малды деңгейде жүруін қаматамасыз ететін – ДНҚ-ның репликациясы мен репарациясы
– механизмдерімен танысамыз. Соңында ДНҚ тізбегін өзгертетін – ДНҚ рекомбина-
циясы – жолдарын қарастырамыз.
ДНҚ ТІЗБЕГІН ҚАЛПЫНДА ҰСТАУ
Кездейсоқ генетикалық өзгерістер түрлердің эволюция барысында ұзақ уақыт бойы
аман қалуын қамтамыз етеді және жеке организмдердің тірі қалуы генетикалық
тұрақтылыққа тәуелді болады. Тек, өте сирек жағдайда ғана клетканың қалпында
сақталу механизмдерінде қателіктер орын алады да, клеткада өзгерістер пайда болады.