Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет4/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Биологиясы, Алтыншы Басылым: Мәселелер жинағы атты қосымша кітабында 1800-
ден астам қосымша мәселелер мен шешімдер ұсынылады. 
Біз биотүрлілік, климаттың өзгеруі, тағамдық қауіпсіздік, қоршаған орта 
жағдайларының нашарлануы, шикізат қорларының азаюы мен адам аурулары сияқты
клеткалық биологияға қатысты көптеген күрделі мәселелерге толы әлемде өмір сүреміз. 
Біз осы кітапта берілген мәліметтер оқырмандарға жақсырақ түсінуге және мүмкін осы 
мәселелерді шешуге көмектеседі деп үміттенеміз. Білім мен түсінік мәселерді шешуге 
негіз болады.
Біз осы оқулықтың мәліметін құрастыруға қажетті ақпаратты жинауға көмектескен 
көптеген ғалымдарды жеке алғыстар бөлімінде атап өттік. Осында біз ерекше ең 
маңызды көмекшілерді атап өтуді жөн көріп отырмыз. 8-тарау үшін Хана Эль-Самад 
(Hana El-Samad) «Клетка функцияларының математикалық талдануы» бөлімшесінің 
негізін қалады, ал Карен Хопкин (Karen Hopkin) «Гендер экспрессиясы мен функциясын 
зерттеу» бөлімшесіне айтарлықтай үлес қосты. Вернер Кульбрандт (Werner Kuhlbrandt) 
14-тарауды (Энергия ауысуы: митохондрия мен хлоропласттар) қайта құрастыру 
мен қайта жазуға көмектесті. Ребекка Хилд (Rebecca Heald) 16-тарауға (Цитоқаңқа), 
Александер Шийер (Alexander Schier) 21-тарауға (Мультиклеткалық организмдердің 
дамуы) және Мэтт Уэлш (Matt Welsh) 23-тарауға (Патогендер мен инфекция) дәл 
сондай үлес қосты. Льюис Ланьер (Lewis Lanier) 24-тараудың (Туа біткен және жүре 
пайда болған иммундық жүйелер) жазылуын бақылады. Хоссейн Амири (Hossein Amiri) 
онлайн оқытушының сұрақтар дерекқорын жетілдірді.
Осы басылымды бастар алдында біз кітаптың соңғы басылымы негізінде клеткалық 
биологияны оқытатын көптеген ғалымдарды кездесуге шақырдық және олармен 
оқулықты жақсарту бағыттарын талқыладық. Олардың кеңестері осы басылымды 
жақсартуға негіз болды. Сонымен қатар, біз көптеген тарауларды қағаз түрінде оқыған 
студенттер топтарынан өте көп кеңестер қабылдадық. 


ix
Ұзын қолжазба мен нобайлардың көптеген жиынтығын дайын толық оқулыққа 
айналдыру үшін көптеген адам күші мен жігер қажет. Айналдыру процесін іске 
асырған Garland Science ұжымы өте керемет жұмыс істеді. Дениз Шанк (Denise 
Schanck), операциялық директор, кітапты даярлаудың барлық уақытында сабырлылық, 
зеректік, әдептілік пен ынталылығын көрсетті; ол Алли Бокиккио (Allie Bochicchio) 
мен Жанетт Скоби (Janette Scobie) көмекшілігімен бізді қатесіз алға жүргізді. Найджел 
Орм (Nigel Orme) біздің жаңарған иллюстрациялық бағдарламамызға жетекшілік 
етті, барлық иллюстрациялық ақпаратты соңғы түріне қойып, кітаптың артқы бетін 
өзінің графикалық қабілеттерімен жақсартты. Тиаго Баррос (Tiago Barros) біздің белок 
құрылымдарының бейнеленуін жақсартуға көмектесті. Мэттью МакКлементс (Matthew 
McClements) кітап пен оның бас бетінің дизайнымен көмектесті. Эмма Джефкок (Emma 
Jeffcock) жоғары қабілеттілікпен, сабырлылықпен түзетудің көптеген айналымдары мен 
соңғы минуттық өзгертулерді іске асырды; Джорджина Лукас (Georgina Lucas) Эммаға 
көмекші болды. Майкл Моралес (Michael Morales) Лия Кристианс (Leah Christians) 
көмекшілігімен кітаппен қосымша келетін онлайн қорлардың негізін құрайтын 
бейнефильмдер, анимациялар мен басқа материалдардың күрделі торын өндірді 
және құрастырды. Адам Сендрофф (Adam Sendroff) бізге әлемдегі кітапты оқитын 
адамдардан өте салмақты болатын мәліметтер мен ақпаратты жинауда көмек көрсетті. 
Қолжазбаға сыни көзін салған Элизабет Зайац (Elizabeth Zayatz) пен Шерри Гранум 
Льюис (Sherry Granum Lewis) дамыту директорлары, Джо Клейтон (Jo Clayton) көшірме 
редакторы, ал Салли Хьюш (Sally Huish) редактор ретінде қатысты. Билл Джонкокс (Bill 
Johncocks) пәндік көрсеткішті қалыптастырды. Лондонда, Эмили Прис (Emily Preece) 
бізді тамақтандырды, ал Garland ұжымының кәсіпқойлы көмегі, дағдылығы мен күші 
олардың жылы шырайлылығымен бірге бізді кітапты даярлау барысында ынталандырды. 
Кітаптың авторлары көрсетілген қолдауға шын жүректен алғыс білдіреді.
Біз жарларымызға, жанұяларымызға, достарымызға және қызметтестерімізге үнемі 
көрсеткен қолдауларына шын жүректен алғыс айтамыз.
Біз осы басылымды бітіруге даярланғанда, Джулиан Льюис, біздің ко-автор, досымыз 
және қызметтесіміз он жыл бойы батылдықпен күрескен ісік әсерінен осы өмірден өтті. 
1979 жылдан бастап Джулиан барлық алты басылымға негізгі үлес қосты және біздің 
арамыздағы ең сыпайы жазушы ретінде қатысқан көптеген тараулардың мәтін стилі мен 
екпінін арттырды және жетілдірді. Оның ұқыпты ғылыми тәсілдері, айқындылығы мен 
қарапайымдылығы оның жазу мәнерінің негізі болған. Джулиан баға жетпес адам еді, 
біз оның жылы шырайлылығы мен қызметін аңсаймыз. Біз осы алтыншы басылымды 
Джулианның рухына арнаймыз.


x
Оқырмандарға ескертпе
Оқырмандарға ескертпе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет