Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет3/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330
Мұқаба дизайныклеткалық биология клетканы 
құрайтын шексіз молекулалардың құрылымы 
мен функциясы ғана емес, сонымен қатар, осы 
күрделі химия қалай реттелетінін зерттейді. 
Клетканың күрделі реттегіш торларын түсіну 
сандық тәсілдерді қажет етеді. 


Джулиан Харт Льюис
(12 тамыз 1946 – 30 сәуір 2014)


vii
Алғысөз
Осы кітаптың соңғы басылымы шыққаннан бері бес миллиондай ғылыми мақалалар 
басылып шықты. Сонымен қатар сандық ақпарат мөлшері де артты: геномдық тізбек, 
белок арақатынастары, молекулалық құрылымдар мен гендер экспрессиясының 
жаңа ақпараттары үлкен, кең ауқымды дерекқорларда сақталады. Зерттеушілер мен 
жазушылар үшін ортақ мәселеге соншама ауқымды ақпаратты клетканың қалай әрекет 
ететінін тиімді және уақытылы түсіну түріне айналдыру болып отыр. 
Көмек үлкен ақпаратты түсінуді оңайлатуға ұмтылатын, көпшілігі нақты ғылым 
саласына бағытталған болса да, шолу мақалалар санының күрт өсуінен келіп отыр. 
Тап осы кезде, онлайн деректер бізге ақпаратты түсіну компьютер тышқанының 
батырмасын бірнеше рет басудың айналасында деп көндіруде. Кейбір салаларда 
білімге деген қолжетімділіктің өзгерісі пайдалы болды – мысалы, біздің медициналық 
мәселелеріміз туралы соңғы ақпаратпен танысу. Бірақ тірі клеткалар әрекетінің 
көркемдігі мен күрделілігін түсіну үшін адамға википедия жеткіліксіз; осыншама 
ақпарат мұхитында маңызды әрі пайдалы гауһар тасты табу оңай емес. Оқырмандардың 
клеткалық биологияның есте қалатын концептуалдық негіздері туралы түсінігі мен 
барлық жаңа ғылымды бағалау мен, ең маңыздысы, түсінуге қажетті негізді логикалық 
және дәйекті түрде маңызды идеялар, компоненттер мен тәжірибелерге негізделген 
баяндама көмегімен қалау тиімдірек тәсіл болып көрінеді. Осы мақсатты біз Клетканың 
Молекулалық Биологиясында көздедік.
Осы жаңа басылымды даярлау барысында бізге кейбір қиын шешімдерді қабылдауға 
тура келді. Барлық жаңалықтарды енгізумен қатар, дәл сол кезде кітапты қолайлы ету 
мақсатында көптеген ақпарат қысқартылды. Біз РНҚ-ның жаңа функциялары, бағаналы 
клеткалар биологиясындағы жетістіктер, белоктарды, гендерді және клеткаларды 
визуализациялау, генетика мен ісікті емдеудің жетістіктері және дамудың уақыты, 
өсудің реттелуі мен морфогенезіне арналған жаңа бөлімдерді қостық. 
Клетканың химиясы өте күрделі және олардың зерттелу деңгейіне қарамастан клетка 
бөліктері мен олардың әрекеттесуі туралы көптеген ақпарат жетіспеуде. Қазіргі таңда 
біз клетка әрекетін түсіндіретін ақпаратты қалыптастыру өте күрделі математикалық/
компьютерлік тәсілдермен жұптасқан сандық ақпаратты қажет ететінін түсініп отырмыз. 
Олардың кейбіреулері әлі жетілдірілмеген. Нәтижесінде, клеткалық биологтардың аса 
маңызды мәселелеріне зеттеулерді сандық сипаттау мен математикалық дедукцияға 
бұру болып отыр. Біз осы тәсілді қысқаша талқылаймыз және оның кейбір әдістері 
8-тараудың соңғындағы жаңа бөлімде талқыланады.


viii
Алғы сөз
Клетка биологиясы туралы көптеген зерттеулер әлі белгісіз ақпараттың аз қалғандығы 
туралы ой тудыра алады. Негізінде, клетка туралы көп білген сайын сұрақтар да көбейе 
түседі. Біздің клетка биологиясы туралы біліміміздің жетіспеушілігін көрсету үшін 
біз әр тараудың соңында Біз нені білмейміз атты сұрақтар тізімін қостық. Осы қысқа 
тізімдер жетіспейтін мәліметтің тек аз ғана бөлігін құрайды. Осы сұрақтардың жауабын 
біздің оқырмандарымыз табатын болса, біз өте үлкен қуанышқа бөлісеміз. 
Осы кітапта мәтінмен тығыз байланысқан 1500-нан астам иллюстрация ұсынылған. 
Біз олардың тараулар арасындағы мазмұндығын түрлі-түсті және барлық оқырманға 
танымал бейнелер қолдану көмегімен арттырдық. Мәтінмен қайшылық тудырмау 
мақсатында кейбір мәліметтер арнайы түсінуге оңай келетін панельдерге көшірілді. 
Суреттерде клетірілген белоктардың маңызды құрылымдары түрлі-түсті күйде қайта 
бейнеленді. Әр жағдайда біз қосымша ақпаратпен қамтамасыз ете алатын онлайн 
құралдарды қолдануға мүмкіншілік беретін сәйкес Белоктар Дерек Қоры (Protein 
Data Base – PDB) кодын ұсынып отырмыз. Осы сілтемелер оқырмандарға клеткалық 
биологияның негізін қалайтын ең маңызды белоктар туралы толық мәліметтер ұсына 
алады.
Джон Уилсон мен Тим Хант қайтадан студенттерге мәтінді белсенді түрде түсінуге 
көмектесетін ерекше әрі ой елесті қоздыратын мәселелерге өзінің үлестерін қосты. 
Мәселелер бөлімі сандық тәсілдерге ерекше көңіл бөледі және басылып шыққан 
тәжірибелер мәліметтері туралы критикалық ойлауды жандандырады; мәселелер әр 
тараудың соңында келтірілген. Осыған қоса, Джон мен Тимнің Клетканың Молекулалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет