Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет58/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   330
48
1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Қорытынды
Эукариоттық клеткалар өзінің ДНҚ-сын мембранамен қоршалған ядро атты ком-
партментте сақтайды. Осыған қоса, оларда пішінін қалпында сақтау пен қозғалысқа 
қажетті цитоқаңқасы, ыдырату (қорыту) мен секрецияға арналған күрделі компарт-
менттері, басқа клеткаларды жұту (көптеген түрлерде) қабілеттілігі және мито-
хондрияның қатысуымен органикалық молекулаларды тотықтыруға тәуелді метабо-
лизмі болады. Осы қасиеттер эукариоттық клеткалардың «жыртқыштар» сияқты
дамығанын болжауға итермеледі. Митохондрия мен өсімдік хлоропласттарында 
өздерінің генетикалық материалы болады және олардың ата-текті клеткалармен 
жұтылғаны және симбионт ретінде тіршілік еткен бактериялардан дамығандығы 
дәлелденген. 
Эукариоттық клеткаларда, әдетте прокариоттарға қарағанда, 3-30 есе көп ген 
және кодтамайтын ДНҚ мөлшері де жүздеген есе көп болады. Кодтамайтын ДНҚ 
көпклеткалы организмге қажетті гендер экспрессиясының күрделі жолдармен ретте-
луін қамтамасыз етеді. Дегенмен, көптеген эукариоттар бір клеткалы организмдер 
болып табылады. Saccharomyces cerevisiae, миллиондаған жылдарды қамтитын
эволюцияның консервативті молекулалық механизмдерінің негізін ашуға көмек бола-
тын модельді организм болып отыр. Жануарлардың ішінде шіркей, құрт, балық және 
тышқан сияқты басқа да организмдер, ал өсімдіктерден Arabidopsis шөптесін өсімдігі 
модельді организм ретінде қолданылады. 
Геномды секвенирлеу сияқты заманауи жаңа технологиялар адамдар мен олардың 
аурулары туралы түсінігімізді арттыруға үлкен үлес қосуда. Бірақ тірі жүйелер өте 
күрделі болып келеді және сүтқоректілер геномында туыстас гомологтар көптеп кез-
деседі. Геномдағы осындай генетикалық мөлшылық жаңа мақсаттарға бағытталған 
гендердің ажырауы мен мамандануын қамтамасыз етті, бірақ сонымен қатар, ол 
барлық биологиялық процестерді күрделендірді. Сондықтан, қарапайым модельді ор-
ганизмдер жануарлар дамуының барлығына ортақ генетикалық механизмдерін анық- 
тауда маңызды рөл атқарды және осы жүйелерге негізделген зерттеулер ғылыми 
және медициналық жетістіктерге қол жеткізудің маңызды жолы болып отыр.
БІЗ НЕНІ БІЛМЕЙМІЗ
• Тұңғыш эукариоттық клетканың ядросын қалыптастырған анаэробты архейлік 
клетка туралы білімімізді қандай жаңа тәсіл арттыра алады? Оның аэробты бак-
териямен симбиозы митохондрияның қалыптасуына қалай әкелді? Жер бетінде 
мекен ететін, әлі анықталмаған және эукариоттық клеткалардың қалай пайда 
болғаны туралы ақпараттағы жетіспейтін аудандарды толықтыратын клеткалар 
бар ма?
• ДНҚ-ны секвенирлеу әлі белгісіз көптеген микробтық клеткалар әлемін ашты. 
Мұндай клеткалардың көпшілігі зертханалық жағдайларда өспейді. Сондықтан 
осындай клеткаларды нақты зерттеудің қандай қолжетімді жолдары болады?
• Ғалымдардың зерттеулері үшін қандай жаңа модельді организмдер немесе 
клеткалар жетілдірілуі тиіс? Түсінігіміз жеткіліксіз болатын клетканың сыни 
аспектілерін модельді организмдерде зерттеу біздің түсінуімізді қалай жеделдете 
алады?
• Тұңғыш клеткалық мембраналар қалай пайда болды?


1-ТАРАУ. МӘСЕЛЕЛЕР


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет