45 белгілі және адамда да олардың әсері байқалады (
1.46-сурет ). Тышқанның таңдалған
генінің немесе кодтамайтын геномы бөлігінің функциясын жасанды тудырылған мута-
циялар көмегімен зерттеудің көптеген әдістері жетілдірілді (кітаптың келесі тараула-
рында талқыланады).
1.46-сурет. Адам мен тышқан: ұқсас гендер мен ұқсас даму жолы. Адам баласы мен тышқанның
маңдайларында бірдей ақ дақтары бар, себебі екеуінде де пигменттік клеткалардың дамуы мен
қалпында сақталуына қажетті бірдей генде (Kit деп аталатын ген) мутация бар (R.A. Fleischman сыпай-
лылығымен қолданылды).
1.45-сурет. Әртүрлі омыртқалылардың ажы- рау уақыты. Сол жақтағы шкала спецификалық
тұрғыдан жұптасқан жануарлардың соңғы
ортақ ататегінің шамалы уақыты мен дәуірін
көрсетеді. Әр уақыт болжалмасы ортологты
белоктардың аминқышқылдық тізбектерінің
салыстырмасынан алынды; жұптағы жануар-
лар бөлек дамуы ұзарған сайын олардың
аминқышқылдық тізбектері көбірек ажырай-
ды. Уақыт шкаласы бойынша тасқа айналған
деректер адам мен құстардың ортақ ататегі
310 миллион жыл бұрын тіршілік еткенін
анықтайды. Оң жақтағы суреттер гемоглобин
белогы тізбегінің ажырауы туралы ақпарат ұсы-
нады. Осы белок тізбегіндегі аминқышқылдық
құрамының ажырауы уақыт өткен сайын арта
түскенімен, организмдер арнайы физиология-
лық қажеттіліктерге тап болған жағдайдағы
гемоглобин тізбегіндегі тез арада орын алатын
өзгерістерді іске асыратын табиғи селекция-
ның әрекетін көрсететін ауытқулардың бар
болуына көңіл аударыңыз. Қатаң функционал-
дық шектеулерге тап болған кейбір белоктар
гемоглобинге қарағанда өте баяу, ал басқала-
ры бес есе тезірек дамыды. Осы мәліметтердің
барлығы ажырау уақыты жайлы қарама-қай-
шылықтарды тудырады және кейбір мамандар
сүтқоректілердің негізгі топтарының бір-біріне
60 миллион жыл бұрын ажырады деп сенуде
(S. Kumar мен S.B. Hedges, Nature 392: 917-920,
1998 көзінен Macmillan Publishers Ltd рұқса-
тымен қолданылды).