Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


МӘСЕЛЕЛЕР Қай пікір дұрыс? Дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдеңіз



Pdf көрінісі
бет59/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   330
49
МӘСЕЛЕЛЕР
Қай пікір дұрыс? Дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдеңіз
1.1
Әртүрлі хромосомаларда орналасқан екі кластерге бөлінген жеті геннен тұратын 
адам гемоглобині гендер туысының әр мүшесі барлық мүшелерінің ортологы болып 
табылады.
1.2 
Гендердің көлденең тасымалы, көпклеткалы организмздерге қарағанда, бірклет-
калық организмдерде жиірек орын алады.
1.3 
Бактерия геномындағы ДНҚ-тізбегінің көп бөлігі белоктарды кодтайды, ал адам 
геномы ДНҚ-тізбегінің көп бөлігі белоктарды кодтамайды.
Келесі мәселелерді талқыла
1.4 
Генетикалық кодтың қатып қалған төтенше жағдай болуы, ал басқалары оның 
табиғи селекция көмегімен қалыптасқаны туралы кейбіреулер осы күнге дейін пікір 
таластырып келеді. Генетикалық кодтың маңызды қасиетіне оның мутацияларға аса 
төзімділігі жатады. Мысалы, кодонның үшінші орнындағы алмасу жиі болған жағдайда 
оған сәйкес болатын амин қышқылы химиялық қасиеті ұқсас басқа амин қышқылына 
алмастырыла алады. Табиғи код мутацияларға өте төзімді келеді (
М1.1-сурет
). Ком-
пьютермен алынған миллион «кездейсоқ» кодтардың кем дегенде біреуі, табиғи гене-
тикалық кодқа қарағанда, қатеге жиірек шалдығады. Генетикалық кодтың мутацияларға 
төзімділігі оның қатып қалған төтенше жағдай болуына немесе табиғи селекция нәти-
жесінде қалыптасуына жақын келе ме?
1.5
Біз Юпитердің Европа атты серіктесінің теңізінде табылған үлгіні талдауды 
бастадық дейік. Сіздің таңғалуыңызға себеп болатыны: осы үлгіде қорекке бай ортада 
оңай өсетін тіршілік формасы бар. Сіздің алдын ала талдауыңыз бойынша ол клеткалық 
формаға жататын организм және оның ДНҚ-, РНҚ-сы мен белогы бар. Сіз нәтиже-
леріңізді әріптесіңізге көрсеткенде, ол үлгінің Жер бетінде тіршілік ететін организммен 
ластанғанын болжайды. ДНҚ, РНҚ мен белокқа негізделе отырып, сіздің үлгіңіздің 
ластану нәтижесін немесе оның жаңа тіршілік формасы екенін қандай әдістер мен 
тәсілдер дәлелдей алады?
1.6
Тірі органимздер өндіретін органикалық молекулаларды тұтынуды елестету 
қиын емес. Дегенмен, біздің істейтініміз дәл осы процесс. Бірақ фототрофтар іске асы-
ратын «күнмен қоректену» нені білдіреді? Одан да ақылға қонбайтын литотрофтардың 
«таспен қоректенуі» нені білдіреді? Мысалы, гидротермальдық саңылаудан шығатын 
химиялық заттар қоспасының қай компоненттері (H
2
S, H
2
, CO, Mn
+
, Fe
2+
, Ni
2+
, CH
4
және 
NH
4
) «қорек» бола алады?
М1.1-сурет.
Компьютермен генерацияланған мил-
лиондаған альтернативтік генетикалық кодтармен 
салыстырғандағы табиғи кодтың мутацияларға 
сезімталдығы (1.4-мәселе). Сезімталдық генетика-
лық кодтағы кездейсоқ мутациялармен тудырыла-
тын орташа аминқышқылдық өзгерістерді есептейді. 
Кіші көрсеткіш мутациялардың аз ғана өзгерістерді 
тудыратынын белгілейді (ақпарат Steve Freeland сы-
пайлылығымен қолданылды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет