Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет92/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   330
2.32-сурет
Жұптасқан химиялық реакциялар принципін көрсететін механикалық модель. (А) су-
ретінде көрсетілген кездейсоқ реакция глюкозаның СО
2
мен Н
2
О-ға тікелей тотығуының аналогы бола 
алады. (Ә) суретінде дәл осы реакция екіншісімен жұптасқан; екінші реакция активацияланған тасы-
малдаушы молекуланың синтезінің аналогы болып табылады. (Ә) реакциясында түзілген энергия (А) 
реакциясында түзілген энергияға қарағанда пайдалырақ болады және ол энергия тұрғысынан тиімсіз 
басқа реакцияларды (Б) іске асыру үшін қолданыла алады.
Осыған ұқсас процесс клеткаларда да орын алады. Қалақтың рөлін ферменттер 
атқарады. Осы тараудың келесі бөлімдерінде біз талқылайтын механизмдер бойынша 
ферменттер, қоректік заттардың тотығуы сияқты энергия жағынан тиімді реакциялар-
ды, активацияланған тасымалдаушы молекулалардың генерациясы сияқты энергия 
жағынан тиімсіз реакциялармен жұптастырады. Осы мысалда тотығу реакциясынан 
босатылған жылу мөлшері активацияланған тасымалдаушы молекулалар құрамындағы 
энергияға бай коваленттік байланыстарда сақталған энергия мөлшеріне тең болады. Ал 
активацияланған тасымалдаушы молекула клетканың басқа ауданында химиялық реак-
цияны іске асыруға қажетті энергия мөлшерін қабылдайды. 
АТФ – ең кең қолданылатын активацияланған тасымалдаушы молекула болып 
табылады
Клеткадағы активацияланған тасымалдаушылардың ішіндегі ең маңыздысы, әрі әм-
бебабы – АТФ (аденозинтрифосфат). 2.32-суреттегі көтерілген шелектің энергиясы 
бірнеше гидравликалық машиналарды қозғалта алатындығы сияқты АТФ клеткадағы 


КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
81
көптеген химиялық реакцияларды іске асыруға қажетті энергия қоры немесе «төлем 
бірлігі» болып табылады. АТФ энергия жағынан тиімсіз реакция көмегімен синтезде-
леді. Осы реакцияда АДФ (аденозиндифосфат) фосфорильденеді де, АТФ түзіледі. 
Қажетті жағдайда АТФ өзінің энергиясын АДФ пен бейорганикалық фосфорға дейін, 
энергия жағынан тиімді, дефосфорлану реакциясының көмегімен береді (
2.33-сурет
). 
Түзілген АДФ фосфорильденудің келесі айналымына дайын болады. 
АТФ-тің энергия жағынан тиімді гидролизі көптеген басқа 
тиімсіз реакциялармен жұптасады. Осы жұптасқан реакция- 
лардың көпшілігінде АТФ молекуласындағы терминалдық 
фосфаттың басқа молекулаларға тасымалы орын алады 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет