84 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
АТФ сияқты, НАДФН көптеген энергия жағынан тиімсіз биосинтетикалық реакция-
ларға қатысатын активацияланған тасымалдаушы болып табылады. НАДФН 2.36А-су-
ретте көрсетілген сызбанұсқа бойынша түзіледі. Арнайы энергия түзетін катаболиттік
реакциялар барысында екі сутегі атомдары субстрат молекулаларынан ажыратылады.
Екі электрон, бірақ бір протоны (сутегі ионы, Н
-
) НАД
+
-тың никотинамидтік сақына-
сына қосылады да, НАДН түзіледі, ал екіншісі сұйықтыққа босатылады. Бұл дәстүрлі
тотығу-тотықсыздану реакциясының мысалы бола алады.
НАДФН өзі тасымалдайтын сутегі ионын тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде
оңай береді, себебі никотинамидтің сақинасы сутегі ионысыз электрондардың тұрақты
құрылымына ие бола алады. АТФ фосфат
тобының эффективті доноры, ал НАДФН
сутегі ионының доноры болып табылады: екі жағдайда да тасымал үлкен
теріс бос
энергиямен қоршалады. НАДФН-тың биосинтездегі қолданылу мысалы
Достарыңызбен бөлісу: