Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


форлану атты процесс ( 2.61-сурет



Pdf көрінісі
бет114/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   330
форлану атты процесс (
2.61-сурет
) бактериялардың плазмалық мембранасында жүреді. 
2.61-сурет. 
Қоректік молекулалар тотығуының соңғы кезеңі. НАДН және ФАДН
2
молекулалары 
(ФАДН
2
көрсетілмеген) лимон қышқылы циклында түзіледі. Осы активацияланған тасымалдаушылар 
жоғары энергиялы электрондарын оттегі газы мен суды түзу үшін береді. Осы электрондардың мито-
хондрияның ішкі мембранасындағы электрон тасымалы тізбегі бойымен тасымалы кезінде түзілетін 
энергияның басым бөлігі АТФ синтезіне – тотыға фосфорлануға бағытталады.
Қорыта айтқанда, тыныс алудың аэробты сатысында глюкоза молекуласының СО
2
мен Н
2
О-ға толық тотығуы нәтижесінде АТФ-тің 30 молекуласы түзіледі. Салыстыр-
малы түрде көрсетсек, гликолиздің көмегімен ыдыраған глюкоза молекуласынан тек 2
АТФ молекуласы түзіледі. 
Амин қышқылдары және нуклеотидтер азот циклының бөлігі болып табылады
Біз назарымызды тек көмірсулар метаболизміне ғана аудардық, ал азот пен күкірттің 
метаболизмін әлі қарастырған жоқпыз. Осы екі элемент биологиялық молекулалардың 


КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
105
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Азот пен күкірт атомдары қосылыстан қо-
сылысқа және организмдер мен қоршаған орта арасындағы қайтымды циклдар бойымен 
алмасып отырады.
Молекулалық азот Жер атмосферасында көп болғанымен, ол газ түрінде белсенді 
емес. Тек бірнеше тірі организмдер ғана молекулалық азотты, азот фиксациясы атты 
процесс көмегімен, органикалық молекулаларға қоса алады. Азот фиксациясы кейбір 
микроорганизмдерде және найзағай түсу кезінде орын алады. Азот биосфера үшін 
маңызды, себебі азотсыз тіршілік мүмкін емес. Қазіргі таңдағы тірі организмдер де-
несіндегі азоттың тек аздаған бөлігі ғана атмосфералық азоттың фиксациялануынан 
пайда болған. Органикалық азоттың көп бөлігі, ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан, 
организмдер арасындағы айналымда жүреді. 
Омыртқалылар өзінің барлық азотын тек қоректік заттар құрамындағы белоктар 
мен амин қышқылдарынан қабылдайды деуге болады. Денеде осы макромолекулалар 
амин қышқылдары мен нуклеотидтерге ыдырайды да, олардың құрамындағы азот мо-
лекуласы жаңа белоктар мен нуклеин қышқылдарының биосинтезінде қолданылады. 
Белок құрамында табылған 20 амин қышқылының, шамамен, жартысы алмаспайтын 
(
2.62-сурет
) болып келеді. Басқаша айтқанда, омыртқалылар осы амин қышқылдарын 
синтездей алмайды және оларды тек тағамнан ала алады. Басқа амин қышқылдары көп-
теген қосылыстардан, соның ішінде лимон қышқылы циклының аралық өнімдерінен 
синтезделе алады. Алмаспайтын амин қышқылдарын өсімдіктер мен басқа да кейбір 
организмдер, омыртқалылар эволюциясы барысында жоғалған ұзақ әрі энергияны көп 
қажет ететін метаболиттік жолмен синтездейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет