Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет117/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   330
108 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
• Жер бетіндегі тіршіліктің химиялық жолмен пайда болуынан басқа жолдың бо-
луы мүмкін бе? Тіршілік белгілерін басқа планеталарда іздеген кезде біз қандай 
химиялық белгілер мен таңбаларды іздеуіміз қажет?
• Барлық тірі клеткалардағы химиялық орта Жер бетінде пайда болған тұңғыш 
клеткалардың қоршаған ортасын анықтаудың негізі бола ала ма? Мысалы, әмбе-
бап болатын К
+
/Na
+
қатынасы, бейтарап рН және фосфаттардың орталық рөлінен 
біз қандай тұжырым шығара аламыз?
МӘСЕЛЕЛЕР
Қай тұжырым шындық? Неге шындық немесе шындық емес екенін түсіндіріңіз
2.1
HCl-дың 10
-8 
М концентрациясының рН көрсеткіші 8.
2.2
Макромолекулалар арасындағы қатынас коваленттік және коваленттік емес бай-
ланыстармен бірдей қалыптастырыла алады.
2.3
Жануарлар мен өсімдіктер қоректік молекулалардан энергия алу үшін тотығу 
реакциясын қолданады.
2.4
Егер реакцияда тотығу жүрсе, онда ол тотықсызданумен қатар жүруі тиіс.
2.5
Энергия жағынан тиімсіз А→В реакциясын энергия жағынан тиімді В→С ре-
акциясымен жұптастырған кезде бірінші реакцияның тепе-теңдік тұрақтысы өзгереді. 
2.6
Реакцияның өздігінен іске асуының негізгі талабы ΔG
0
емес, ΔG болады, себебі 
ΔG субстраттар мен өнімдердің концентрацияларының көмегімен анықталады. 
2.7
Жануарлар клеткасындағы глюкозаның тотығу процесі кезінде жұмсалған оттегі 
атмосфераға СО
2
ретінде қайтады.
Келесі мәселелерді талқылаңыз.
2.8
Тірі клетканың органикалық химиясы екі қасиеті бойынша ерекшеленеді: ол сулы 
ортада жүреді және ол өте күрделі бірнеше реакцияны іске асырады. Бірақ ол заманауи 
зертханаларда іске асырылатын органикалық химия тәжірибелерінен ерекшеленеді ме? 
Неге иә және неге жоқ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет