Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет115/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.62-сурет
Тоғыз алмаспайтын амин қышқылы. Осы амин қышқылдары 
адам клеткасында синтезделе алмайды, сондықтан олар тағаммен бірге келуі 
қажет.
ДНҚ мен РНҚ синтезіне қажетті нуклеотидтер арнайы биосин-
тетикалық жолмен өндіріледі. Пуриндік және пиримидиндік азот-
тық негіздердің құрамындағы азот (соның ішінде кейбір көміртегі 
атомдары) көп кездесетін глутамин, аспарагин және глицин амин 
қышқылдарынан, ал рибоза мен дезоксирибоза глюкозадан алына-
ды. Қоректік заттармен бірге организмге келіп түсетін «алмаспай-
тын нуклеотидтер» табиғатта кездеспейді.
Биосинтезде пайдаланылмайтын амин қышқылдары метаболит-
тік энергияны түзу үшін тотыға алады. Олардың көміртегісі мен 
сутегі атомдары су мен көмірқышқыл газына айналады, ал олардың 
құрамындағы азот, әртүрлі күйлерге көшкеннен кейін, организмнен зәр түрінде шыға-
рылады. Әр амин қышқылы әртүрлі жолмен өңделеді және клеткада олардың катабо-
лизміне қажетті барлық ферменттер болады.
Күкірт – Жерде жиі кездесетін элемент. Оның негізгі күйі сульфат (SO
4
2-
) түрінде 
болады. Тіршілік үшін қолданбалы болу үшін сульфат сульфидке (SО
2-
) дейін тотықсы-
здануы қажет. Күкірттің тотыққан күйі маңызды биологиялық молекулалардың, соның 
ішінде метионин және цистеин амин қышқылдары мен коэнзим А-ның синтезіне қажет, 
ал темір-күкіртті орталықтар электрон тасымалы жолында маңызды қызмет атқарады. 
Күкірттің тотықсыздану процесі бактерия, саңырауқұлақ пен өсімдіктерде басталады. 


106 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Ферменттердің арнайы тобы АТФ-пен тотықсыздану күшін пайдалана отырып, суль-
фаттың ассимиляциясы жолын қалыптастырады. Адамдар мен басқа да жануарлар 
сульфатты тотықсыздандыра алмайды, сондықтан олар қажетті сульфидтерді тағам 
және азықпен бірге қабылдайды. 
Метаболизм өте жоғары деңгейде ұйымдасқан және қатаң түрде реттеліп 
отырады
Біреулер гликолиз бен лимон қышқылы циклының басқа метаболиттік жолдармен 
(
2.63-сурет
) байланысынан клетканың химиялық машина ретінде өте қүрделі екендігін 
түсінеді. Осы бөлімде адам клеткасының кейбір ферменттік жолдары талқыланады.
Метаболиттік реакцяилардың барлығы диаметрі 0,1 мм болатын клетка ішінде жүреді 
және әрқайсысы әртүрлі ферментті қажет етеді. 2.63-суретте кейбір молекулалардың 
бірнеше метаболиттік жолдарға қатыса алатындығы көрсетілген. Мысалы, пируват көп-
теген ферменттердің субстраты болады және әр фермент пируватты әртүрлі күйге дейін 
модификациялайды. Бір фермент пируватты ацетил-КоА-ға, екіншісі оксалоацетатқа
үшіншісі пируватты аланин амин қышқылына, ал төртіншісі лактатқа айналдырады. 
Аталған метаболиттік жолдар пируват үшін бесекелеседі және осы жағдай мыңдаған 
кіші молекулалар үшін де іске асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет