Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


Этанолдың (СН 3 СН 2 ОН) молекулалық массасы 46 және тығыздығы 0,789 г/см 3 .  А



Pdf көрінісі
бет118/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   330
2.9
Этанолдың (СН
3
СН
2
ОН) молекулалық массасы 46 және тығыздығы 0,789 г/см
3

А.
Құрамында спирттің үлесі 5% болатын сырадағы этанолдың молярлығы қандай? 
[Сырадағы спирттің үлесі 4%-дан (жеңіл сыра) 8%-ға (күшті сыра) дейін болады].
Ә.
Көлік жүргізуші қанының құрамындағы спирттің заңмен рұқсат етілген үлесі 
әртүрлі болады, бірақ қанның әр 100 мл-індегі 80 мг этанолдың массасы (үлесі 0,08 
болып белгіленеді), әдетте, заң шеңберіндегі нормаға сәйкес болады. Осы заңдық көр-
сеткіштерге сай адамның қанында этанолдың молярлық мөлшері қандай болады?
Б.
Салмағы 70 кг болатын ер адам заңмен рұқсат етілетін нормадан асып кетпеуі 
үшін құрамындағы спирттің үлесі 5% болатын 355 мл-лік сыраның қанша бөтелкесін 
ішеді? 70 кг-дық ер адамда, шамамен, 40 л су болады. Есептеу үшін этанол метабо-
лизмін ескермеңіз және адамдағы судың 40 литрін тұрақты деп алыңыз.
В.
Этанол оның концентрациясына тәуелсіз түрде тұрақты түрде метаболизенеді. 
Дене салмағының бір килограмына шаққанда сағатына этанолдың, шамамен, 120 мг 
метаболизденеді. Егер 70 кг-дық адамда этанолдың үлесі заңды бұзбайтын мөлшерден 
екі есе (160 мг/100мл) жоғары болса, оның қанындағы спирт қанша уақытта заңды бұз-
байтын мөлшерге дейін азаяды?


КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
109
М2.1-сурет. 
Фермент белсенділігі рН функциясы ретінде 
(2.10-мәселе).
2.11
М2.2-суреттегі
үш молекула құрамында био-
логиядағы ортақ жеті реактивті (активті, белсенді) топ 
бар. Клеткадағы көптеген молекулалар осы функцио-
налдық топтардан құрылады. Осы молекулалардағы 
фунционалдық топтарды көрсетіңіз және атаңыз.
2.10
Гистидиннің бүйір тізбегі ферменттің каталитикалық белсенділігі үшін маңыз-
ды екендігі белгілі. Дегенмен, гистидиннің зарядталған немесе зарядталмаған күйінің 
қажеттілігі нақты белгісіз. Осы сұраққа жауап беру үшін сіз ферменттің белсенділігін 
рН-пен өлшейсіз (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет