172 3-тарау. Белоктар
циялар көмегімен оларды модификацияланған
өнімдерге айналдырады. Осы процесті
ферменттер қайта-қайта және өте тез арада іске асырады. Ферменттер реакцияны жыл-
дамдатады, кейде миллиондаған есе жеделдетеді және өздері өзгеріссіз күйде қалады.
Олар клеткаға коваленттік байланыстарды реттеулі түрде түзуге және ыдыратуға мүм-
кіншілік беретін
катализаторлар болып табылады. Ферменттермен іске асырылатын
химиялық реакциялардың реттелген жиынтығының катализі клетканы түзеді және оны
қалпында ұстай отырып, тіршіліктің жалғасуын мүмкін етеді.
3.44-сурет.
Қалыпты бос энергия айырмашылығы (ΔG°) мен тепе-теңдік тұрақтысының (K) қатына-
сы. (A) АВ кешеніндегі А және В молекулаларының тепе-теңдігі 1- және 2-панельдерде көрсетілген екі
қарама-қарсы реакциялар арасындағы тепе-теңдікпен сақталады. А және В молекулалары реакцияға
түсу үшін соқтығысуы қажет және ассоциация деңгейі олардың жеке концентрацияларының [Α] x [Β]
өніміне пропорционалды болады (тік жақшалар концентрацияны белгілейді). 3-панель бойынша,
ассоциация мен диссоциация реакцияларының деңгейі тұрақтылықтарының
қатынасы реакция-
ның тепе-теңдік тұрақтысына (
К) тең болады. (Ә) 3-панельдегі
тепе-теңдік тұрақтысы А + В ↔ АВ реакциясына қатысты және
ол үлкен болған сайын А және В молекулаларының арасындағы
байланысу күшейеді. 37°C-де бос энергия әр 5.91 кДж/моль
көрсеткішіне төмендеген сайын тепе-теңдік тұрақтысы 10 есеге
артады. Тепе-теңдік тұрақтысының өлшем бірлігі литр/моль;
қарапайым
байланысу арақатынасы аффинділік тұрақтысы
немесе
ассоциация тұрақтысы деп аталады және
К
а
деп бел-
гіленеді.
К
а
-ға қарама-қарсы арақатынас диссоциация тұрақтысы
деп аталады және Кd деп белгіленеді (өлшем бірлігі моль/литр).
Достарыңызбен бөлісу: