Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


тер деп аталады. Ферменттер – клеткаларда коваленттік байланыстарды түзетін және  ыдырататын белоктардың ең маңызды кластарының бірі. Олар субстрат



Pdf көрінісі
бет160/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

тер деп аталады. Ферменттер – клеткаларда коваленттік байланыстарды түзетін және 
ыдырататын белоктардың ең маңызды кластарының бірі. Олар субстрат деп аталатын 
бір немесе бірнеше лигандпен байланысады да, бір немесе бірнеше химиялық реак-


172 3-тарау. Белоктар
циялар көмегімен оларды модификацияланған өнімдерге айналдырады. Осы процесті 
ферменттер қайта-қайта және өте тез арада іске асырады. Ферменттер реакцияны жыл-
дамдатады, кейде миллиондаған есе жеделдетеді және өздері өзгеріссіз күйде қалады. 
Олар клеткаға коваленттік байланыстарды реттеулі түрде түзуге және ыдыратуға мүм-
кіншілік беретін катализаторлар болып табылады. Ферменттермен іске асырылатын 
химиялық реакциялардың реттелген жиынтығының катализі клетканы түзеді және оны 
қалпында ұстай отырып, тіршіліктің жалғасуын мүмкін етеді.
3.44-сурет. 
Қалыпты бос энергия айырмашылығы (ΔG°) мен тепе-теңдік тұрақтысының (K) қатына-
сы. (A) АВ кешеніндегі А және В молекулаларының тепе-теңдігі 1- және 2-панельдерде көрсетілген екі 
қарама-қарсы реакциялар арасындағы тепе-теңдікпен сақталады. А және В молекулалары реакцияға 
түсу үшін соқтығысуы қажет және ассоциация деңгейі олардың жеке концентрацияларының [Α] x [Β] 
өніміне пропорционалды болады (тік жақшалар концентрацияны белгілейді). 3-панель бойынша, 
ассоциация мен диссоциация реакцияларының деңгейі тұрақтылықтарының қатынасы реакция-
ның тепе-теңдік тұрақтысына (К) тең болады. (Ә) 3-панельдегі 
тепе-теңдік тұрақтысы А + В ↔ АВ реакциясына қатысты және 
ол үлкен болған сайын А және В молекулаларының арасындағы 
байланысу күшейеді. 37°C-де бос энергия әр 5.91 кДж/моль 
көрсеткішіне төмендеген сайын тепе-теңдік тұрақтысы 10 есеге 
артады. Тепе-теңдік тұрақтысының өлшем бірлігі литр/моль; 
қарапайым байланысу арақатынасы аффинділік тұрақтысы 
немесе ассоциация тұрақтысы деп аталады және К
а
деп бел-
гіленеді. К
а
-ға қарама-қарсы арақатынас диссоциация тұрақтысы 
деп аталады және Кd деп белгіленеді (өлшем бірлігі моль/литр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет