БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
183
Мультиферменттік кешендер клетка метаболизмінің деңгейін арттыруға
көмектеседі
Ферменттердің химиялық реакцияларды жылдамдату тиімділігінің тіршілік үшін маңы-
зы өте зор. Клеткалар, ыдырау процестерінің қайтымсыз реакцияларына қарсы әрекет
етуі тиіс, себебі реттелмеген ыдырау процестері клеткадағы
макромолекулалардың
дұрыс әрекетінің бұзылуына алып келеді. Егер қажетті реакциялар деңгейі бәсекелес
қосымша реакциялардан төмен болса, онда клетка тіршілігін тоқтатады. Біз клетка ме-
таболизмінің деңгейін АТФ-ты тұтынуы негізінде қарастыра аламыз. Сүтқоректілердің
клеткасы қалыпты жағдайда өзіндегі АТФ мөлшерін 1 немесе 2
минут ішінде қайта
толықтыра алады. Әрбір клетка секунд сайын АТФ-тің 10
7
молекуласын тұтынады (не-
месе адам денесі әр минут сайын АТФ-тің, шамамен, 1 грамын тең).
Ферменттің қатысуымен түзілген өнімнің мөлшері фермент пен субстраттың концен-
трацияларына тәуелді болады. Егер реакция тез арада іске асатын болса, онда фермент
пен субстраттың концентрациялары өте жоғары болуы тиіс.
Дегенмен,
клеткада іске
асырылатын реакциялардың көптеген түрлерінің болатынын ескерсек, онда клеткадағы
қосылыстардың бір бөлігінің концентрациялары шектеулі болуы мүмкін.
Негізінде,
клеткада көптеген метаболиттер микромоль (10
-6
М), ал ферменттер одан да төмен кон-
центрацияларда болады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, өте жоғары метаболиттік
деңгейге қалай жетуге болады?
Бұл сұрақтың жауабы клетка компоненттерінің кеңістіктегі ұйымдасуында жатыр.
Клетка реакция деңгейін субстраттардың концентрацияларын
арттырмай-ақ жоғары
деңгейде іске асыра алады. Клеткадағы осындай жоғары
деңгейлі реакцияға қатыса-
тын әртүрлі ферменттер
мультиферменттік кешен атты үлкен ферменттік жиынтыққа
біріктіріледі (
Достарыңызбен бөлісу: