180 3-тарау. Белоктар
3.51-сурет.
Лизоцимнің белсенді сайтында орын алатын оқиғалар.
Жоғарғы
сол және жоғарғы
оң суреттер,
сәйкесінше, бос субстрат пен бос өнімдерді көрсетеді, ал басқа үш
сурет ферменттің
белсенді сайтындағы оқиғалар тізбегін көрсетеді. Фермент-субстрат кешеніндегі D қантының кон-
формациясындағы өзгеріске көңіл аударыңыз; пішіндегі осы өзгеріс орталық панельде көрсетілген
коваленттік аралық қосылыстың түзілуі мен гидролизіне қажетті оксокарбений ионы тәрізді аралық
күйді тұрақтандырады. Карбоний ионының 2-қадамда түзілуі де мүмкін, бірақ орталық панельде көр-
сетілген коваленттік аралық қосылыс синтетикалық субстрат көмегімен анықталды (
3.9-бейнефильм
)
(D.J. Vocadlo et al.,
Nature 412: 835-838, 2001 әдебиет көзін қараңыз).
Басқа ферменттер де активациялану энергиясын төмендету механизмдерінің көме-
гімен өздері катализдейтін реакцияларды тездетеді. Екі немесе одан да көп реактанттар
қатысатын реакцияларда белсенді сайт субстраттарды қажетті жағдайға бағыттайтын
матрица ретінде әрекет етеді (
3.52А-сурет
). Лизоцим жағдайында біз ферменттің бел-
сенді сайтында зарядталған топтарының көмегімен
субстраттың электрондарының
таралуын өзгертетін нақты орналасқан атомдардың болатындығын көрдік (
Достарыңызбен бөлісу: