Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет ). Функциялары ұқсас келетін киназалар  шежіренің жақын тармақтарында орналасады.  3.62-сурет



Pdf көрінісі
бет175/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.62-сурет
). Функциялары ұқсас келетін киназалар 
шежіренің жақын тармақтарында орналасады. 
3.62-сурет. 
Таңдалған протеинкиназалардың эволюциялық ағашы. Жоғарғы сатыдағы эукариоттар-
дың клеткасында мыңдаған осындай ферменттер болады және адам геномы 500-ден астам осындай 
ферменттерді кодтайды. Осы суретте тек мәтінде талқыланған өкілдерінің көрсетілгеніне назар ауда-
рыңыз.
Src протеинкиназасының реттелуі белоктың микропроцессор ретінде қызмет 
ететінін көрсетеді
Эукариот клеткаларындағы жүздеген әртүрлі протеинкиназалар клетка белсенділігін 
реттейтін, клетка циклын іске асыратын және клетка сигналдарының клетка сыртына 
тасымалдануына көмектесетін сигналдық жолдар торына бірігеді. Клетка сыртындағы 
көптеген сигналдар клеткамен интеграциялануы және амплификациялануы тиіс. Жеке 
дара әрбір протеинкиназалар енгізу-шығару құралдары немесе микропроцессорлар 
қызметін атқарады. Сигналдарды өңдеуші белоктардың реттелуі оларға фосфат топта-


192 3-тарау. Белоктар
рының қосылуы (протеинкиназалар) немесе ажырауы (протеинфосфатазалары) процес- 
терінің көмегімен іске асады. 
Протеинкиназалардың Src туыстастығы осындай әрекетті іске асырады. Src бело-
гы («сарк» деп оқылады, осы белок тудыратын саркома ісігінің атынан шыққан) ең 
алғашқы ашылған тирозин киназасы болып табылады. Оның бір-бірімен өте ұқсас 9 бе-
локтан құралған және тек мультиклеткалы организмдерде ғана кездесетін туыстастық 
тармағының өкілі екендігі белгілі. 
Src белогы мен оның туыстарында қысқа N-терминальдық ауданы болады. Осы 
аудан киназаны плазматикалық мембрананың цитоплазма жағындағы бетіне бекітетін 
жоғары гидрофобты май қышқылымен ковалентті байланыс түзеді. Келесіде, сызықты 
аминқышқылдық тізбегінің бойында пептидтерді байланыстыратын SH3 (Src Homolog 
3) және SH2 домендері және олардан кейін киназалық каталитикалық домен орналаса-
ды (
3.63-сурет
). Әдетте осындай киназалар инактивті күйде болады. Олардың С-ұшына 
жақын орналасқан фосфорланған тирозин SH2 доменімен, ал SH3 домені ішкі пептид-
пен байланыста болады да, белсенді сайт жабық тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет